АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АҚБОТА» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ-САД"  «АКБОТА»  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Әлеуметтік желі

Картинки по запросу инстаграм лого

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР Халықты Мемлекет басшысының «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі ережелері туралы уақтылы әрі кешенді хабардар ету мақсатында халықпен түсіндіру жұмысын жүргізген кезде мынадай маңызды сәттерге көңіл аударған жөн:  аудиторияны белгіленген қоғамдық сананы жаңғыртудың Қазақстанның жаңғыру процестерінің, атап айтқанда, саяси реформалау мен экономиканы жаңғыртудың қисынды жалғасы екеніне бағдарлау қажет. Бұл ретте мәлімделген жаңғыртушылық түрленулердің айқын мақсаттары, басымдықтары, қол жеткізу әдістері бар.  Қоғамдық сананы жаңғырту ұзақ мерзімді сипатқа ие және Қазақстанның мәдени және рухани мұрасын сақтау және ілгерілету саласында іске асырылған «Мәдени мұра» («Культурное наследие», 2004) және «Халық тарих толқынында» («Народ в потоке истории», 2013) ірі бағдарламаларына негізделген.  Қазіргі заманғы социумда қоғамдық сананы жаңғыртуға сұранымы ортақ әлеуметтік кеңістікте өмір сүріп жатқан халықтың қазіргі заманның қарқынды 5 өзгермелі шарттарына сәтті бейімделу қажеттілігіне тікелей байланысты.  Қазақстан азаматтарының қоғамдық санасының мазмұны олардың мүдделерімен, құндылықтарымен және перспективаларымен тығыз астасады және өзіне мәдениетті, мінез-құлық практикасын, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді, ғылымды, адамгершілік императивтерін қамтитын рухани негізге сүйенеді.  ХХІ ғасырдағы ұлттық өзіндік сананы жаңғыртудың маңызды бағыты жеке деңгейде де, қоғамдық деңгейде де бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы болып табылады. Ақпараттық-түсіндіру жұмысының маңыздылығын ескере отырып, негізгі назарды мына сәттерге аударған жөн:  Мақсатты аудитория алдында сөз сөйлей отырып, қоғамдық сананы жаңғырту нақ қазір ерекше маңызға және өзектілікке ие болып отырғанын атап өту маңызды, өйткені қазіргі әлем барған сайын өзгере түсуде. Жаһандану процестері стандартты емес, күтпеген сын-қатерлерді қалыптастыруда, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалану өмірдің ритмі мен стилін өзгертеді, ұлттық дәстүрлер заманауи эле- 6 менттермен толығады. Бұл мағынасында мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтын қалыптастыру Қазақстан табысының маңызды шарты болып табылады.  Қазақстандық социумда қоғамдық сананы «тапсырыс бойынша» жаңартуды іске асыру мүмкін емес деген шүбәлі стереотиптің бар екенін ескерсек, түсіндіру жұмысында әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың қажеттігіне, еліміздің әрбір тұрғынының өз өмірлік стратегияларын жалпы елдің прогресі үшін бейімдеуге дайындығына екпін берген жөн.  Президент мақаласының негізгі векторларын халыққа түсіндіре отырып, сөйлейтін сөзді дәйекті тезистермен және нақты фактілермен, ұсынылып отырған «Әр тілден әлемнің 100 үздік оқулығы», «Туған жер» және одан әрі «Туған елге» ұласады, «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа тұлға» бағдарламалары бойынша бастамалармен күшейту маңызды.  Халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу кезінде барлық ұсынылып отырған бастамалар мен жобалар, сондайақ олардың мазмұндық толтырылуы жария, соның ішінде заманауи диалог форматтарын – каскадты пікірсайыстарды, дебаттарды, әлеуметтік-лингвистикалық сарап- 7 тамаларды және т.б. пайдалана отырып талқыланатынына екпін берген жөн.  Этноұлттық құрмет көрсетушілікті айыптаулардың таралуына жол бермеу мақсатында ұлттың мәдени кодына, тарихи фактілерге, латын қарпіне көшуге, Қазақстанның киелі жерлеріне қатысты мәселелерді және басқа да «сезімтал» мәселелерді түсіндіру кезінде әдептілік сақтау маңызды. 8 ҮЛГІЛІК СӨЗ СӨЙЛЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ 1. Мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтын қалыптастыру: а) Қоғамдық сананы жаңғырту өз мәдениетін, ұлттық кодын сақтағанда ғана мүмкін және сәтті болады; б) Бәсекелік қабілет және прагматизм болашақты жоспарлау кезінде ұлттық және жеке ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген; в) Рухани жаңғыру салт-дәстүрлермен, тілімен және мәдени мұрамен байланысқан ұлттық бірегейлікті сақтауды білдіреді; г) Білімнің салтанат құруы мен сананың ашықтығы барлық жерде болуға тиіс, ал әлемнің озық елдерінің технологияларын ескере отырып, сапалы білімге бет бұру іргелі басымдықтар болып табылады; д) Эволюциялық даму әлемде болып жатқан заманауи процестерді қайта ой елегінен өткізуді білдіреді. 2. ХХІ ғасырда ұлттық рухты көтерудің нақты жолдары мен шешімдері. Басымдықтары мен таяу жылдарға арналған міндеттері: а) бейімделу кезеңінде кириллицаны қатар қолдана отырып, қазақ тілін латын қарпіне кезең-кезеңімен көшіру; 9 б) «әлемнің 100 үздік оқулығы» жобасын іске асыру арқылы әлеуметтік және гуманитарлық білімге назар аудару – жаһандық ауқымдағы білім саласында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлауға арналған платформаны қамтамасыз етеді; в) өлкетанулық негізде ұйымдастырылған «Туған жер» бағдарламасы арқылы патриотизмді қалыптастыру; г) жаһандық әлемде заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерілету; д) «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасы азаматтарға елдің дамуына салмақты үлес қосқан Тәуелсіздіктің шынайы замандастарының тарихтарын таныстыруға мүмкіндік береді. Негізгі қорытынды: Экономика саласындағы түрленулер мен саяси реформалар қоғамдық сананы оза жаңғыртуды іске асырған жағдайда ғана мүмкін болады. Қазақстандықтар өткен шақтың, қазіргі шақтың және болашақтың көкжиектерін қосатын платформаның негізінде прогрессивті дамуды көздейді. 10 НЕГІЗГІ ТЕЗИСТЕР Қоғамдық сананы оның алдын орай жаңғырту Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында жаңғыртуды экономикалық өрлеуге немесе технологиялық жетілдіруге жинақтау – бұл жалпы өзгерістер жобасының бір бөлігі ғана екеніне көңіл бөле отырып, жаңғырту процестері шеңберінде еліміздің рухани қайта өрлеуінің тұжырымдамалық бейнесін жеткізеді. Мақалада Мемлекет басшысының қазақстандық қоғамның болашаққа қарай қалай қадам басуы туралы ойлары көрсетілген. Барлық технологиялық процестердің жеделдеуі мен әлем экономикаларының бәсекелік қабілеттерінің өсуіне орай құбылмалы әрі күрделі болашақ. Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы кезеңі мемлекеттердің өзара қарымқатынастарындағы қарама-қайшы оқиғалармен сипатталады. Үдемелі қарқын алып отырған жаһандық әлем ұл санасының халықтың руханияты мен дәстүрлеріне негізделген айрықша үлгісін талап етеді. Бұл 11 жағдайларда қоғамның рухани-құндылық бағдарларын сақтау және жаңарту мәселелері бірінші кезектегі маңызға ие болып отыр. Дүниедегі үрдістер әлемді өзгертуде, заман өзгеруде, бұл Қазақстанға дамудың мүлде жаңа деңгейіне шығуға айрықша мүмкіндік береді. Жаңару міндеті бүгінде Қазақстанның ғана емес, барлық мемлекеттердің алдында тұрғанын атап өтеді Нұрсұлтан Назарбаев. Елдегі басталған ауқымды өзгерістер қоғамдық сананы оза жаңғыртумен сүйемелденуі тиіс. Бұл ретте, Президент бүгінгі таңда орасан жұмыс атқарылғанын және Қазақстанның қалыптасқан мемлекет екенін атап өтеді. Бірақ мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтына айналу үшін қоғамдық сананы өзгертуге мүмкіндік беретін неғұрлым ауқымды және іргелі жұмысқа кірісетін уақыт жетті. Және де мақаланың негізгі түйіні Қазақстанда ауқымды өзгерістердің қоғамдық сананы өзгертусіз, немесе жаңғыртусыз мүмкін еместігінде. Жаңғырту деген не? Ғылыми әдебиетте Жаңғыру (modernization; modern – заманауи) қоғамдық- әлеуметтік эволюциясына, оның құрылымдық 12 және функционалдық жіктелуінің заманауи қоғамның қалыптасуы бағытына қарай өсуіне алып келетін саясаттағы, экономикадағы және мәдениеттегі инновациялардың тарихи ұзақ процесі ретінде белгіленеді. Сондай-ақ жаңғыруды мемлекетті қарқынды дамыту мақсатында жүйені ауыстырмайтын, бірақ қолда бар әлеуетті жұмылдыратын іргелі өзгерістер процесі ретінде анықтайды. Жаңғыру процесі сатылы, көпфакторлы, тарихи инвариантты және қайтымды болып табылады; ол өңірлік және өркениетті ерекшелікке ие және әртүрлі қоғамдық ішкі жүйелерде және дамудың әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі жылдамдықпен және қарқындылықпен өтеді. Жаңғырудың түпкі мақсаты мемлекетті өзін-өзі дамытуға және өз механизмдерін тұрақты жаңалап отыруға қабілетті жүйеге айналдыру, уақыт талабына сәйкес келтіру болып табылады. Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекет құра отырып, Бірінші жаңғыруды жүзеге асырды. Сосын, 2030-Стратегиясын қабылдап және Астананы салып, Қазақстан 50 дамыған елдің қатарына енді – бұл Екінші жаңғырудың нәтижелері. Үстіміздегі жылдан бастап, Қазақстан жаһандық бәсекелік қабілетке қол жеткізуге бағытталған елдің Үшінші жаңғыруын іске 13 асыруға кірісті. Басты мақсат – Ұлт жоспарын орындау негізінде әлемнің 30 озық елінің қатарына ену. Қазақстан Президенті елдің жүйелі және дәйекті эволюциялық дамуын көздейтін мемлекеттік саясаттың өзара байланысы мен сабақтастығына көңіл бөле отырып, еліміз аяқ басқан жаңа тарихи кезеңге тән қауіптер мен сын-қатерлерді жанжақты бағалай келе өзінің рухани жаңғыру тұрғысынан болашаққа терең көзқарасын баяндады. Өзгерістер жолына түскен елдердің әлемдік тәжірибесі жаңғырудың – әлеуметтікмәдени өзгерістерден оқшаулауға болмайтын процесс екенін көрсетеді. Жаңғыру біздің заманымызда материалдық өмірді де және рухани өмірді де біріктіріп қамтуға тиіс. Демек, жаңғыру – әлеуметтік-мәдени феномен, оның артында тиісті адамның әлемді сезінуі мен дүниетанымы, оның қоршаған ортаны түсінуі және оның ондағы орны, дәлелдері мен мінез-құлық стилі, құндылық бағдарлары мен мәдени қалауларының меңгерген жүйесі, соның ішінде өмірдің саяси нысандары, белгілі бір құқықтар мен міндеттемелер жүйесі тұрады. Нұрсұлтан Назарбаев жаңғыруды мемлекетті қарқынды дамыту мақсатында жүйені аустырмайтын, бірақ қолда бар 14 әлеуетті жұмылдыратын іргелі өзгерістер процесі ретінде бөліп көрсетеді. Елбасы өз мақаласында былай анықтайды – саяси жаңғырудың да, экономикалық жаңғырудың да табысты болуы бірінші кезекте қоғамдық сананың руханият басым болатын деңгейіне тәуелді. Сондықтан бүгінгі таңдағы рухани қайта өрлеу – ең өзекті міндет. Бүгінгі таңда, Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру шеңберінде, үш жаңғырту процесі жүзеге асырылатын болады: саяси реформа, экономикалық өрлеудің жаңа моделін құру және қоғамдық сананы жаңғырту. Реформалар нәтижелілігінің маңызды алғы шарты – азаматтық келісім, әртүрлі саяси күштердің ынтымақтастығы мен жаңғырту жобасын іске асыру мақсатында қоғамның бірігуі. Бұл мәдени кодты өзгертуді, жаңа құндылықтар мен қалаулы болашақ бейнесін қалыптастыруды көздейтін қоғамдық сананы жаңғыртусыз мүмкін емес. Дүниетанымдық-идеологиялық негіздеме Мемлекет басшысының бағдарламалық баяндамасы – бұл, ең алдымен дүниетанымдық-идеологиялық сипаттағы мақала, ол ХХІ ғасырдың ұлттық санасына 15 және қоғамдық сананы өзгерту жолдарына оңтайлы форматта жалпы анықтама береді. Мақсаты мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтын құру. Жаңа үлгідегі жаңғырудың бірінші шарты – өз мәдениетін, өзінің ұлттық кодын сақтау. Онсыз жаңғыру бос сөзге айналады. Бұл ретте тарихи тәжірибе мен салт-дәстүрлерге тым жоғарыдан қарауға болмайды. Керісінше, үздік дәстүрлерді жаңғырту сәттілігінің маңызды шарты етіп алу керек. Бұл жерде Президент жалпы қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттарын бөлім көрсетеді. Бұл бағыттардың барлығы жеткілікті дәрежеде өзекті және уақыт сынқатерлеріне сай келеді. Ең алдымен, бұл бәсекелік қабілет, ол кезде жаңа заманның жақсы жақтарын ала отырып, жаңа нақты ахуал мен шарттарға шоғырлану және бейімделу маңызды. Әрбір қазақстандық өзіне өңірлік және жаһандық нарықтарда ұтымды нәрселер ұсына алуы үшін ең маңыздысын бөліп алуы тиіс. Бұл тек материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге интеллект пен білім. Мұның сөзсіз алғышарттарының қатарында компьютерлік сауаттылық, шет тілін білу және мәдени ашықтық сияқты факторларсы да, мәдени және конфессионалдық келісім бағдарламасы да – ұлтты 21 ғасырдағы өмірге дайындаудың бір бөлігі деп атап өтеді Президент. Өзінің бағдарламалық мақаласында ол әдеттер мен стереотиптерді өзгертпей жаңғыру мүмкін емес деп атап өтеді, бұл ретте маңызды бағытты – прагматизмді бөліп көрсетеді. Өз кезінде ұлттың бейберекеттігі Арал теңізінің жойылуына, мыңдаған гектар табиғи жерлердің экологиялық апат аймағына айналуына әкеп соқты делінген мақалада. Бұл аса бейпрагматикалық қатынастың, бұл жағдайда қоршаған ортаға сондай көзқарастың жарқын мысалы. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев шынайы мақсаттарға қол жеткізуге көңіл бөле отырып оңтайлы өмір сүру – мінез-құлықтағы прагматизм деген осы деп атап өтеді. Және бұл – қазіргі әлемдегі жалғыз сәтті модель. Бұл ретте ұлттық бірегейлікті сақтау маңызды. Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдетғұрыптар, тіл мен музыка, әдебиет және үйлену ғұрыптары, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рух халықпен мәңгі қалуға тиіс деп атап өтеді Президент. Бірақ көне және қазіргі шынайы өмірде артық әдеттерден және құмарлықтан арылу қажет. Мысалға, біртұтас Ұлтты өңірлік бөлуді артта қалдыру қажет. Біз меритократиялық қоғам құрудамыз, онда әрбір адам жеке үлесімен 17 және жеке кәсіби сапасымен бағалануға тиіс деп жазады Мемлекет басшысы. Таяу онжылдықтарда барлық кәсіптің жартысы жойылады және мұндай жағдайда тек жоғары білімді адам ғана сәтті өмір сүре алады. Сондықтан Қазақстан білім беру саласын бюджеттік қаржыландыру үлесі бойынша ең озық елдердің қатарында. Егер жастардың құндылықтар жүйесінде білімділік басты құндылыққа айналар болса, ұлт табысқа жетеді деп сенеді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет пен ұлт – статикалық құрылым емес Еліміздің Президенті ұлттың табысқа жетуіне тек эволюциялық дамудың ғана мүмкіндік беретініне сенімді. Барша ХХ ғасыр революциялық сілкіністер белгісімен өтті. Бүгінде революциялардың сипаты өзгерген, ол айқын ұлттық, діни, мәдени немесе сепаративтік реңге ие болған. Сондықтан әлемде болып жатқандарды қайта ой елегінен өткізу – жалпы қоғам да, саяси партиялар мен қозғалыстар да және білім беру жүйесі де жүргізуге тиіс орасан дүниетанымдық, идеологиялық жұмыстың бір бөлігі. 18 Сондай-ақ Президент Назарбаев тым болмағанда үш негізгі аспектімен баяндалатын сананың ашықтығы туралы айтады. Бұл дүйім дүниеде, өз еліңнің айналасында және ғаламшардың өзіңе қатысты аумағында не болып жатқанын түсіну. Және ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістерге дайын болу, ол өміріміздің орасан бөлігін – жұмысты, тұрмысты, демалысты, тұрғын үйді, адами қарым-қатынас тәсілдерін өзгертеді. «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші тарау таяу жылдарға арналған іс-қимыл жоспары, күн тәртібі. Таяу болашақта іске асыруға болатын алты нақты жобаны баяндаған. Ұсынылған шаралар басты мақсатқа – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара ісқимылы негізінде жалпы руханилықты қайта көтеру. Оның үстіне, елімізде 2014 жылдан бастап, ішінара алғанда қазақстандықтардың бәсекелік қабілетті мәдени ділі мен жоғары руханилығын қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасы іске асырылуда. Мемлекет пен ұлт – статикалық құрылым емес, тірі дамушы организм. Нұрсұлтан Назарбаев барша мақаланың басты ойын өмір сүру үшін саналы бейімделу қабілетіне ие болу керек деп атап өтеді. Уақыт тоқ­ 19 тамайды, демек жаңғыру тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Президент елдің жастарына жаңа дәуірлер тоғысында Қазақстанның жаңару мен жаңа идеялар арқылы өз болашағын өзі құратын айрықша тарихи мүмкіндігі бар деп үн қатады. Мемлекет басшысы жаңа жағдайда жаңаруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуыңызды ең басты қағидасы екеніне сенімді. «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді». Сондықтан Елбасы былай деп атап өтеді: «Реализм мен прагматизм негізінде қоғамдық сананы өзгертуге пәрменді атсалысу үшін еліміздің әрбір азаматы, жалпы қоғам, саяси партиялар мен қозғалыстар, барлық мемлекеттік органдар өздерін жетілдіруі қажет: ағымдағы жағдайды талдауы, қай жерде екенін айқындауы, баршаға және әрқайсымызға не істеу керек екенін ұғыну қажет. Біз біртұтас және ұлы ұлт екенімізді мақтан тұтуымыз қажет. Бізде жалғыз жол бар: жаңару арқылы жарқын болашаққа!».

Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі Президент «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне кезеңкезеңімен көшуін бастама етіп көтерді. Бұл ретте, латын әліпбиіне көшудің негізінде, бір жағынан, терең тарихи логика, ал екінші жағынан, Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі, қазіргі ХХІ ғасырдағы ғылым-білім беру процесі үшін маңызы зор әлемдегі технологиялық орта және коммуникация ерекшеліктері жатыр. Қазақ жазуының даму тарихы Халықтың үлкен өнертабыстарының бірі – жазу. Жазу қоғамның жинап-түйген тәжірибесінің бәрін бір жерге шоғырланды­­рып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беруге мүмкіндік береді. Жазу ұлттық кодтарды қалыптастырып, қарым-қатынас жасаудың уақыттық және кеңістіктік шектеулерін жояды. Өзінің дамуы барысында қазақ тілі нақты 21 тарихи кезеңнің талаптарына бейімделе отырып, жазуын бірнеше рет өзгертті. VI–VII ғасырларда көне түркі халқы, ата-бабаларымыз, оның ішінде қазіргі қазақтардың ата-бабалары ғылымда ОрхонЕнисей жазуы деген атаумен белгілі көне түркі руна жазуын пайдаланған. Бұл – әріптік жазудың көне түрінің бірі. Мұндай көне жазу нұсқаларының бірі 1896–1897 жылдары Қазақстанда Әулиеата (қазіргі Тараз қаласы) маңында анықталды. Ол жерден көне түркі жазуы таңбаланған 5 тас табылған. 1940 жылы Шығыс Түркістанда VIII ғасырдың ортасындағы жақсы сақталған 4 көне түркі жазуы анықталды. XV ғасырға дейін түркі тілі Еуразияның басым бөлігінде ұлтаралық қарым-қатынас тілі болған. Мысалы, моңғолдың Бату және Мөңке хандары басқарған кезде Алтын Ордадағы ресми құжаттардың бәрі, халықаралық келіссөздер моңғол тілінен бөлек, түркі тілінде де жүргізілген. Қазіргі Қазақстан аумағына ислам діні келгеннен бастап, яғни X ғасырдан бастап араб жазуына көшкен, бұл жазу XX ғасырдың басына дейін қолданылған. Қазақ тілінің араб жазуына көшудегі маңызды фактор – ол тілдің халықаралық деңгейде кеңінен қолданылуы болды. Араб жазуы Қазақстанда рухани және ақсүйектер мектебінде, сондай-ақ ресми келіссөздерде 22 қолданылған, өйткені араб тілі халықаралық қарым-қатынас тілі болған. Араб жазуының әсем ою-өрнектерімен ғимараттарды безендірген, ғалымдар мен ақындар еңбектерін араб тілінде жазып, олардың беттерін жоғары көркемдік деңгейде салынған суреттермен өрнектеген. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуына негізделген қазақ жазуын сол заманның талаптарына бейімдеу мақсатында оған реформа жасап, бұл жазуды шетелде тұратын миллиондаған қазақтардың пайдалануына мүмкіндік берді. «Жаңа емле» деп аталатын жаңа әліпбиді Қытай, Ауғанстан және Иранда тұратын қазақтар әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Сондайақ сол дәуірдің зерттеушілері мен қоғам қайраткерлерінің пікірінше, қазақ тілінің дамуында маңызды рөл атқарған араб жазуы (халық арасында «төте жазу» деп аталады) өзінің әлеуетін төмендетті. 1929 жылдан бастап Қазақстан аумағында жаңа, латынға бейімделген әліпби – «Бірыңғай түркі әліпбиі» пайда болды. Латын жазуына негізделген бұл жазу 1939 жылға дейін қолданылып, 11 жылдан кейін латын жазуының орнына кирилл әліпбиі келді. 1940 жылы «Латын жазуына бейімделген қазақ жазуын орыс жазуының негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды.Кезең-кезеңмен көшу және ойластырылған тәсіл – маңызды талаптар Қазақстан саясатының ерекше белгісі – белгілі бір бастамалар мен реформаларды іске асыру тәсілдерінің ойластырылғандығы болып табылады. Френсис Бэкон «Уақытында жасалмаған іс – бекер іс» деген екен. Қазақ тілін латын жазуына көшіру туралы ұсыныс, жаңа әліпби дайындау және құжат айналымы мен кітап басып шығаруды латын тіліне ауыстыру қазақстандықтар үшін кенеттен туындаған мәселе емес. Бұл мемлекеттің мақсатты түрде және кезеңкезеңмен бет алған бұрыннан мәлімделген мақсаты. Сондай-ақ бұл бастама «сырттан» келген жоқ, оны бастама етіп көтерген – Қазақстан азаматтары. Латын жазуына көшудің қажеттігі туралы мәселені Қазақстанның қоғам қайраткерлері мен тіл білімі саласындағы мамандар тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ ұсынған болатын. Қазақ тілінің жазуын өзгертудің орындылығы туралы мәселе алғаш рет 1992 жылы бұрынғы КСРО аумағында тұратын түркітілдес халықтардың өкілдері қатысқан Түркияда өткен Түркологиялық Конгресс аясында айтылған болатын. 24 Конгрестен кейін Тіл білімі институтының директоры академик Әбдуәли Қайдар Президент Н.Ә. Назарбаевқа хат жолдады, хатта көптеген түркітілдес елдер Кеңес Одағы құлағаннан кейін латын әліпбиін игергенін, сондықтан Қазақстан да сол елдердің ізімен жүруі керек екендігін атап жазған болатын. Хатқа Тіл білімі институты әзірлеген латын жазуына көшудің тұжырымы және латын жазуына негізделген қазақ әліпбиінің алғашқы жобасы тіркелді. Ұсыныс мұқият қарастырылды. Алайда сараптамалық бағалар қоғамның мұндай күрт өзгерістерге дайын еместігін көрсетті. Бұл мәселе 2006 жылы тағы да күн тәртібіне қойылды, Қазақстан халықтар ассамблеясында Елбасымыз әлемдік коммуникациялық кеңістікте латын жазуының басым екенін айтып, мамандарды латын жазуына көшу мүмкіндігі туралы мәселені талқылауға шақырды. Латын жазуына кезең-кезеңмен көшу туралы мәселенің жаңа «Қазақстан – 2050» стратегиясында» көтерілуі қисынды. Президенттің 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақ тіліне жаңғырту жүргізетін кез келді делінген. Қазақ тілі «Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс». 25 «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз... Осылайша, тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», – деді Президент. Сол кезде қазақ жазуының латын жазуына көшуінің нақты датасы 2025 жыл деп көрсетілген. Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ жазуын латын графикасына көшіру тақырыбын нақтылай келе, мамандар мен Үкіметтің алдына мынадай міндеттер қойды:  2017 жылдың соңына дейін жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау;  2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді оқытатын кадрлар даярлау мен орта мектептерге арналған оқулықтар даярлауды бастау;  қазақ тілін латын қарпіне көшірудің нақты кестесін әзірлеу;  2025 жылдан бастап іс қағаздарын латын қарпінде жүргізу, мерзімді баспа­ 26 сөзді, оқулықтар мен басқа басылымдардың барлығын латын қарпінде жариялау. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру қажеттілігі туралы айта келе, Ұлт көшбасшысы қазақ тілін латын қарпіне көшіру процесі жақсы дайындықпен және байыпты түрде жүргізілуге тиіс деп атап көрсетті. Бұл біздің әлемдік өркениетпен ықпалдасуымызға, ағылшын тілін және интернет тілін үйренуімізге жағдай жасайды. Не үшін латын қарпі таңдалды? Латын графикасына көшуге байланысты жиі қойылатын сұрақтардың бірі: «Не үшін кирилл қарпінен бас тартуымыз керек және не үшін қазақтар 900 жыл бойы пайдаланған арабтың өрме жазуын емес, латын қарпін таңдаймыз?» Мәселенің басты себебі – әлемнің жаһандану процесіне ұмтылуында. Латын қарпі қазіргі кезде жаһанданудың графикасына айналды. Латын қарпі жаңа технологиямен, компьютермен, сапалық жетістіктермен байланыстырылады. Тіпті жапон тілінде аталатын жапон фирмаларының өздері атауларын латын қарпімен жазғанды дұрыс санайды. Тіпті, Қытайда экономиканың бірнеше секторларында әлемдік нарыққа шығу үшін, әлемдік деңгейдегі тұтынушыға түсінікті болу үшін 27 латын қарпі қолданылатындығы белгілі. Латын қарпі брендік графикаға айналып отыр. Латын қарпіне көшу уақыт талабынан қалмау үшін, әлемдік кеңістікке табысты интеграциялану үшін, бір қызығы, интеграцияланып қана қоймай, өзінің кескін-келбетін сақтап қалу үшін маңызды болып отыр. Кирилл қарпін, керісінше, әлемнің көп елі біле бермейді. Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Болгария, Сербия және Македония сияқты елдерді қоспағанда, оны тіпті ешкім қолданбайды десе де болады. Кейбір славян мемлекеттері, мысалы, Польша, Чехия кирилл қарпін емес, латын қарпін қолданады және бұрынғы кеңестік елдер, мысалы, түркітілдес мемлекеттерді айтпағанда, Молдавия бірден латын қарпіне көшіп, жалпыәлемдік ақпараттық кеңістікке еніп отыр. Шет елдерде тұратын қазақтар өз қандастарымен ана тілінде сөйлескенде, латын қарпіне негізделген замануи ақпараттық желілерді пайдалануды барған сайын арттырып отыр. Қазақстан жастарының шет тілдерін меңгеруге деген ұмтылысы, қоғамды компьютерлердіру, интернетті пайдалану, шығыс мәдениетінің телевидение, кино арқылы ықпал етуі, еуропалық сапаға ұмтылу – осының барлығы біздің қоғамды «латын қарпінің құшағына» еріксіз әрі біртіндеп тартып келеді. 28 Қазақстан қазіргі кезде әлемдік экономикалық процестердің белсенді қатысушысы болып табылатындықтан, латын графикасына көшудің де мультипликативті әсері болады. Қазақстан жүргізіп отырған саясаттың тұрақтылығы мен болжалымдылығы, Қазақстанда бизнес жүргізуге жасалған қолайлы жағдайлар шетелдік компанияларды Қазақстан аумағына барған сайын тартуда. Атап айтқанда, Бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісінде Қазақстан 2015- 2016 жылдары 42-орынды иеленді. «Жәдігерлер қоры» («Фонд наследия», The Heritage Foundation) Америкалық зерттеу орталығының Экономикалық бостандық рейтингінде де 2016 жылы Қазақстан 42- орыннан көрінді. Doing Business Дүниежүзілік банктің рейтингісінде Қазақстан 35 орынға тұрақтап, қатарынан төрт жыл бойы үздік реформатор ретінде мойындалып келеді. Шетелдік азаматтардың Қазақстанға деген қызығушылығының артуы олардың қазақ тілін білуге деген мүддесін де ынталандырады. Қазақстанмен экономикалық байланыстарын кеңейтуді жоспарлай отырып, көптеген шетелдік компаниялар өз қызметкерлерінің қазақ тілін үйренуіне жағдай жасауда. Осы ретте шетелдіктердің қазақ тілін латын қарпі арқылы үйренуі оңай екендігі даусыз. Сонымен қатар қазақ жазуының латын графикасына көшуі 29 Қазақстанның туризм саласына да қолайлы жағдай туғызады. Латын графикасына көшудің таза лингвистикалық сипаттағы бірқатар себептері де бар. Латын қарпіне көшу қазақ тілін дамытуға жаңа серпін береді. Өйткені бұл процесс тілдің грамматикалық, әсіресе фонетикалық жүйесі үйлестіруге жәрдемдеседі. Ғалымдар латын графикасы пайдалануға өте қолайлы әрі қазақ тілінің фонетикалық жүйесін дәл береді деген пікірде. Қазіргі қазақ әліпбиінде 42 әріп бар, оның 33-і орыс тілінің және тоғызы – қазақ тілінің төл әріптері. Ал қазақ тілінің фонетикалық жүйесіндегі дыбыс саны – баржоғы 28. Лингвистика заңдарына сәйкес, дыбыстарға қарағанда әріптер саны аз болуы керек. Ал қазақ тілінде керісінше болып отыр, өйткені біз орыстың барлық әріптеріне қазақ тіліне тән дыбыстарды білдіретін әріптерді қостық. Егер біз латын қарпіне көшсек, бір дыбыс белгілі бір әріппен ғана таңбаланатын болады. Мәселені саясиландыру – орынсы«Туған жер» патриоттық бағдарламасы «Туған жер» бағдарламасы Отанға деген рационалды және эмоционалды қатынасты біріктіруге бағытталған. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікке бағытталған патриотизм мәдени-генетикалық кодтың негізі болып табылады. Бағдарлама 3 бағыт бойынша жүйелі жұмысты талап етеді:  Бірінші бағыт – өлкетану жұмыстары;  Екінші бағыт – табысқа жеткен өкілдер мен ауылдық мекендерден шыққандардың (бизнесмен, шенеунік, жастар және т.б.) көмегімен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау;  Үшінші бағыт – жергілікті биліктің бірлескен жұмысы, демеушілік көмекті қолдау мен тетіктерінің оңтайлы түрін іздеу, Өлкетану білімі біржақты этнографиялық аспектіні ғана емес, сонымен бірге ірі ағартушылық жұмысқа негізделіп, жергілікті жердің географиясын, фольклорын, мифологиясын зерттеуді талап етеді. Өлкетану білімін ұйымдастыруды жүзеге асыруда жалпы білім беру мектептеріне сүйенген жөн. Әкімдіктер Білім және ғылым министрлігімен бірге негізгі оқу құралдарын дайындау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс. 40 Меценаттықты дамыту әр өлкеден шыққандардың демеушілік көмегін белсенді қолдауды талап етеді. Бұл жағдайда меценаттар мен жергілікті билік, жұртшылық арасында мына ұстанымдар жүзеге асырылуы тиіс: • Меценаттық нақты ауылға, мектепке, ЖОО-ға адрестік көмекті талап етеді; • Жұртшылық тарапынан масылдық көңіл күй емес, жергілікті бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыруға ынта болуы тиіс; • Жергілікті биліктің тарапынан меценаттықты қолдайтын іс-әрекеттер күтіледі. Бұл жағдайда өңірдің дамуына еңбегі сіңген адамдарды мәңгілік есте қалдыру сияқты моральдық мотиваторларды қосуға болады. Мәселен, нақты тұлғалардың жергілікті жобаларды жүзеге асырудағы рөлі туралы естелік тақташаларын орнату. Қазірден бастап осы бағдарламаның нұсқасы мен мазмұнын талқылау үрдісі басталып кеткендігін атап өткен жөн. Сарапшылардың ұсыныстары арасында мыналарға назар аударуға болады: • британиялық өлкетану ассоциациясының форматын үлгі ете отырып, азаматтық сектордың негізінде тарихшылар, экскурсоводтар, туризм саласының мамандарын және т.б. біріктіретін қазақстандық өлкетану ұйымын құру; 41 • әлеуметтік желілердің кеңістігінде қазақстандық табиғатты насихаттау мақсатында барлық өңірлерге баратын арнайы фотоэкспедиция ұйымдастыру; • Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешеніне ұқсас, алайда тек мәдени ескерткіштерді ғана емес, табиғи ескерткіштерді насихаттайтын өңірлік деңгейдегі ескерткіштер кешенінің картасын жасау. Балама шешім ретінде осы картаның диджитализациясы мен Қазақстан қалаларында голограмма ретінде көрсетілімі ұсынылады; • экономикалық салада – туристік абаттандыру аясында бизнес үшін уақытша салық жеңілдіктерін енгізу (транспорттық логистика, тамақтану және т.б.). 42 «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық сипатқа ие рухани жәдігерлерді топтастырады. Жобаның 3 негізгі бағыты бар:  Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құру және еліміздің әрбір азаматына ұлттық бірегейліктің осы негізі бойынша сапалы білім дарыту;  Жобаны жүйелі ұлттық ақпараттық сүйемелдеу;  Қазақстанның мәдени-географиялық белдеуіне сүйене отырып, ішкі және сыртқы мәдени туризмді дамыту. Киелі жерлердің белдеуін жүзеге асыру үшін жоба аясындағы нысандардың нақты санын анықтау қажет. Ол тым көп болмауы тиіс, алайда тарихи ескерткіштердің негізгі кешенін қамтуы қажет, соның ішінде келесілерге назар аударған жөн: • Әлемдік өркениеттің қазынасы – Алтай және жалпы Шығыс Қазақстан аумағы. Бұл өңір әлемдік тарихи мұра бола отырып, тек қана түрік тайпаларының ғана емес, үндіеуропалық және арий халықтарының арғы отаны болып табылады; • Түркістан – Қазақстанның тарихи жетістігі, сонымен қоса Ұлы Жібек жолын­ 43 дағы Тараз, Шымкент, сондай-ақ Алматы облысындағы қалаларға, Сырдария маңындағы өңірге назар аударған жөн; • Көлік желісінен жырақта орналасқан Орталық Қазақстандағы Ұлытау – Қазақ мәдениетінің қасиетті орталығы; • Ұлытау сияқты Маңғыстаудағы Үстіртті те Қазақстан аумағындағы барлық қасиетті пантеондармен байланыстыру керек. Осы өңірлердегі туристік инфрақұрылымның дамуына ерекше назар аудара отырып, жобаны жүзеге асыру үшін әкімдіктермен тұрақты негізде күнделікті жұмысты жүргізген жөн. Сонымен қатар, қоғамдағыы жаһандық ақпараттану үрдісінің сипатын ескере отырып, отандық мәдениеттің әлемдік қауымдастықпен коммуникациялық байланыс орнатып, жаһандық деңгейде өз жетістіктерін көрсете алу мүмкіндіктеріне ие болуына баса назар аударуға тиіспіз. Бұл орайда жаһандық трендтердің бірі туризмді дамыту арқылы өз мәдениетін ілгерілету болып табылады. Осы ретте Қазақстанның туристік әлеуетін аша алатын, зор резервтер мен мүмкіндіктерге ие тарихимәдени ландшафтыны ескеру қажет. Шетелдік туристерді тарту мақсатында мәдени-туристік инфрақұрылымды қалыптастыру мен жаңғырту жұмысын белсенді жүргізген жөн. Соның ішінде Алтайға, 44 Үстірт пен Түркістанға және т.б. жерлерге тарихи-эзотерикалық туризм жасау зор қызығушылық тудыруы мүмкін. Өз тарихымыз бен мәдениетімізге, хал­­қымызға құрметпен қарау сезімін қалыптастыру үшін тек элитарлық мәдениеттің өкілдерін ғана емес, бұл іске барлық қауымдастықтарды, халықты тарту шарт. Қазірден бастап Қазақстанның қасиетті нысандары картасын жасауды бастап, оны 2017 жылдың соңына дейін аяқтаған жөн. Одан басқа, жобаны кеңінен зерттеу мен ілгерілету бойынша шаралар жоспарын қабылдаған маңызды. Мәселен, «Discovery», National Geographic» каналдарымен бірге Қазақстан туралы ғылымитанымдық фильмдердің топтамасын жасау ұсынылады. Бағдарламаның келесі деңгейіне көшудің негізгі шарты – пантеон реестрін жасауда ортақ келісімге келу болмақ. 45 «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы Қазіргі заманғы бәсекелік қабілет дегеніміз экономикалық даму, халықаралық бастамалар мен жобалар ғана емес, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, өзіндік мәдени жетістіктермен әлемге танылу. Бүгінде Қазақстан әлемдік аренада мұнайдың ірі қоры арқылы, ядролық қарудан бас тартқан, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, атомды бейбіт мақсатта пайдалану бастамашысы ретінде танымал. Қазақстанның бұл бейнесі ұлттық брендке айналды, осы арқылы әлемдік және өңірлік үрдістерде мемлекет пен оның мүмкіндіктері туралы жағымды ассоциациялар жасалады. Қазақстан дамуының жаңа кезеңі сыртқы саяси бастамалармен байланысты брендтерді ілгерілету ғана емес, қазақстандық мәдениеттің үздік үлгілері мен жетістіктерін көрсету арқылы мемлекеттің танымалдығын арттыруды көздейді. Мұндағы әңгіме ғылым, әдебиет, көркемөнер мен музыка, театр, кино және т.б. қамтитын ұлттық мәдениеттің кең мағынасында айтылады. Мәдениеттің үздік үлгілерінде, халық шығармашылығында, тарихында, музыка, 46 әдебиет, кескіндеме, театр, кино өнеріндегі озық туындылар Қазақстан мен ұлттық бірегейлігіміз туралы тұрақты ассоциациялар мен бейнелер қалыптастыруға септігін тигізеді. Мұнда заманауи мәдениеттің нысаны мен мазмұны бойынша ілгерілеуге басымдық беріледі, соның ішінде халықаралық деңгейде заманауи авторлардың жұмыстарын, әсіресе өз шығармашылығын жеткізуде заманауи нысандарды – мультимедиалық кітаптар, кинематографиялық және әуендік жобалар; виртуалды 3D мұражайлық, көрме және ғылыми экспозициялар; электронды кітапханаларды белсенді пайдаланатын жастарды қолдауымыз қажет. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларын да дәл осылай ілгерілетуге тиіспіз. Ең бастысы, ұлттық мәдениеттегі үздіктерді таңдап қана қоймай, оларды халықаралық аренада насихаттаудың тиімді тетіктерін табу маңызды. Заманауи Қазақстанның ғылыми және әдеби жобаларын ілгерілету механизмінің бірі – олардың әлемдік тілдерге аударма- 47 сы болып табылады, мұндағы басты рөлді Ұлттық аударма бюросы ойнайды. Ауқымды жобаның жүзеге асуы осы жұмыстарға тартылған министрліктер мен ведомстволардың, Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ақпарат және коммуникация министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың әкімдіктері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен шығармашылық интеллигенцияның үйлестіруі негізінде мүмкін екені белгілі. Атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігі ақпараттық-имидждік жұмысқа бағытталған бюджеттің белгілі бір бөлігін ұлттық мәдениетті шетелде ілгерілетуге жұмсайды. Елшіліктер мен дипломатиялық өкілдіктердің жұмысы сәйкесінше ведомство алдына қойылған міндеттерге бағдарланады. Сонымен қоса, шетелде қазақстандық мәдениетті кеңінен таныстыру үшін мәдени брендтерді іріктеудің бағалау жүйесі дайындалады.

Жаңартылған күні: 12.03.2021 23:56
Құрылған күні: 13.03.2021 01:25

Текст