АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АҚБОТА» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ-САД"  «АКБОТА»  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Әлеуметтік желі

Картинки по запросу инстаграм лого

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есептер

2021 - 2022 оқу жылының жылдық сараптамасы.

 

Бөбекжайдағы балалардың денсаулықтарының талдауы

Бөбекжайдың қызметінің басым бағыты - мектепке дейінгі балалардың дене бітімін дамыту және денсаулығын нығайту. Маңызды міндеттерінің бірі- балалардың денсаулығын корғау және нығайту болып табылады; жалпы адамзаттық мәдениет көрсеткіші ретінде, салауатты өмір салтын сақтау және физикалық жетік қажеттілігіне тәрбиелеу. Білім беру процесін және оның мазмұның дәстүрден тыс  әдістемелер арқылы  өзгертуге тырысамыз. Бөбекжай сауықтыру кешенді жүйесі бойынша жұмыс істейді:

  1. дербес қимыл белсенділігі;
  2.  мәдени-гигиеналық дағдылар;
  3. іске асыру жүйесінің тиімді шынығуы;
  4. дене шынықтыру;
  5.  салауатты өмір салтын сақтау;
  6. диагностикалық зерттеулер.

Жыл сайын мектепке дейінгі мекеменің жұмысы дене дамуы мен қимыл белсенділігін арттыру және  денсаулық диагностикасынан басталады:

• антропометрия оқу жыл басында және соңында;

• шынықтыру іс-шараларды анықтау;

• дене шынықтыру және сауықтыру жұмысы арқылы балалардың денсаулығын жақсарту;

• шынығу және дене тәрбие  бірыңғай жүйесінін қаттілігін  ата-аналарға түсіндіру;

• оқу жылына арналған мамандардың  диагностикалық жоспарларын құрастыру.

Баланың денсаулығын сақтау және нығайту үшін педагогикалық, медициналық және әлеуметтік мәселелер арқылы кешенді шешу қажет. Ең алдымен, барлық педагогикалық процестің мүшелері баланың ағзасын сыртқы ортаға үйретуді білу, гигиеналық құралдарды дұрыс  қолдануға үйрету, педагогикалық міндеттерді балалардың  психологиялық және физикалық дамуы арқылы шешу.

Бөбекжайдағы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес  дағдылары мен қасиеттерін дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Дене шынықтыру залы оқу қызметін ойдағыдай іске асыру үшін қажетті спорттық жабдықтармен ,ойындарды ұйымдастыру үшін тарату материалдарымен жабдықталған.

 

Бөбекжайда  бірінші орынға балалардың  денсаулығына, тамақтануы  мен  салауатты  өмір салтын  ұстануға  көп көңіл аударады.    Медициналық  көмекті  бір медбике  атқарады. Қажетті  құжаттардың  барлығы  жүргізіліп, толтырылады.

         Жыл  бойы  қажетті  медициналық  тексерістер  өтіледі. Бөбекжайдың  барлық  балалары  медициналық  тексерістен  өтті. Тексеріс  барысында  баланың  денсулығымен  қатар, дене  бітімінін  дамуын  тексереді. Бөбекжайдағы  дене шынықтыру тәрбиесі  бойынша  негізгі алдына қойған мақсаттар: Балалардың денсаулығын қорғау және нығайту.Балалардың  жеке  қабілеттеріне қарай біліктілік, білім,дағдыларын қалыптастыру.Баланың дене белсенділігінің қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.Балалардың салауатты өмір салтын ұстануын тәрбиелеу.Физикалық және психикалық әл-ауқатын қамтамасыз ету.

           Біздің бөбекжайда балалардың денсаулығын  нығайту үшін  бірнеше бағытта жұмыс жасалады: Балалардың  дене шынықтыруына  және  аурушандықты   азайту үшін жағдай жасау. Балабақша тәрбиешілерінің педагогикалық шеберлігін және  кәсіптік  біліктілігін арттыру.Медбикемен  бірлесіп отырып  денсаулық сақтау іс-шараларын ұйымдастыру. Бөбекжай  ата-аналармен  бірлесе отырып , балалардың  денінің саулығын нығайтуға  тәрбиелеу. Балалар мектепке дейінгі мекемеге қабылдау үшін медициналық сараптамадан және мамандар зерттеуінен өтеді. Баланың денсаулығы мен дене бітімі бағаланады.

Балалар саны

Ауырғандар

%

Балалар саны

Ауырғандар

%

78

 

 

80

 

 

ЖРВИ

31

39,7

ЖРВИ

28

35

Бронхит

15

19,2

Бронхит

10

12,5

Скарлатина

-1

1,05

Скарлатина

-

-

Ветряная оспа

2

2,10

Ветряная оспа

21

22,1

Энтеробиоз

0

0

Энтеробиоз

0

0

Пневмония

3

3,8

Пневмония

5

6,25

Қызамық

-

-

Қызамық

-

-

Отит

1

1,2

Отит

-

-

Колиэнтерит

-

-

Колиэнтерит 

-

-

Менингит

-

-

Менингит

-

-

Қызылша

-

-

Қызылша

-

-

Ангина

19

24,3

Ангина

11

13,75

Барлығы: І жарты жылдық

72

75,7

Барлығы:

75

78,9

Балалармен  күз және қыс мезгілдерінде сауықтыру және емдеу- профилактикалық жұмыстары  өткізіледі:

Нүктелі массаж

Тыныс алу гимнастикасы

Тұз ерітіндісімен тамақ шаю

Тұзды жолмен жүру

Дәрумендермен емдеу

Күн сәулесі, жеңіл ванналары

Таза ауада серуендеу

Оксолин майын мұрынға жағу

Балалар  кәсіптік егуді балалар  тұрғылықты мекен-жайлары бойынша емханаларда  алады.

Мәдени-сауықтыру жұмыстары бойынша  денсаулық бұрышы  жасалды. Бөбекжайда жалпы  сауықтыру  бойынша іс-шаралар өткізіледі:

Тамақтану тәртібі

Дене шынықтырумен айналысу

Арнайы іс-шаралар: дәрументерапиясы,  тұзды жолмен жүру, тұз ерітіндісімен тамақты шаю.

Өткізілген сауықтыру іс-шаралары арқасында балалардың   денсаулығы  жақсарады. 

 Бөбекжайда  ҚР –ның Үкіметінің   2015 жылғы 17.03. №217 қаулысына сәйкес бекітілген санитарлық   қағидаларында  берілген  тамақтану  нормаларына  сай  беріліп тұрады.

Бөбекжайда  балалар төрт  ретбес мезгіл  тамақтанады: таңертеңгі ас, жеңіл ас, түскі ас, бесінді ас, кешкі ас.

 Балалардың  дұрыс  ұйымдастырылған  тамақтануы, олардың  үйлесімді өсуіне және тамақта баланың ағзасына керекті қоректік заттардың бар болуы.  (белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды тұздар) 

 Тамаққа қоса, жемістер, көкөністер және сүтті тағамдар  болу қажет. Жалпы алғанда баланың тамағында оның денсаулығына өсіп дамуына әсер ететін микроэлементтер мен дәрумендермен қамтамасыз етілген болуы тиіс.

Қорытынды:

2021-2022 оқу жылында бөбекжай тәрбиешілерімен денешынықтыру нұсқаушысы тығыз ынтымақтастықта өз жұмысын жоспарлады және жүзеге асырды. Әр топ үшін оқу іс-әрекетін жоспарлау жасалды. Жұмыс кезеңінде әр жас тобына жоспарланып, өткізген сауықтыру жаттығуларын қолдана отырып, таңертеңгілік гимнастика кешендерін дайындады.

Бағдарламалық талаптардың орындалуын балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың денсаулық жағдайы, дене дамуы мен дене дайындығы біршама жақсарды.

Ұсыныс:

2021-2022 алдағы оқу жылында қолға алынған жұмыстарды, таңертеңгі гимнастика кешендерін одан әрі жетілдіру. Дене қимыл белсенділіктерін арттыру мақсатында мол жұмыстар атқару.

Педагогикалық кадрлардың жұмысын талдау

Бөбекжайдағы жұмыстың  басымдылық бағыты: танымдық – тілдік бағыт, мемлекеттік стандарт негізінде танымдық орта құру және дамыту, әрбір тәрбиешінің кәсіби шеберліктерін көтеру.

Жылдық міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмыс мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған.

2021 – 2022 оқу жылында бөбекжайдың негізгі жұмысы ертегі арқылы балалардың шығармашылық, тілдік қабілеттерін арттыруға бағытталған. Осы мақсатпен төмендегі жылдық міндеттер шешілді:

1.Баланың денсаулығы мен өмірін қорғау жағдайын құру.

2.Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ,тілдік қабілетін ертегі арқылы дамыту

3.Топта заттық-кеңістік және даму ортасын құрудағы педагогикалық ұжымның қолайлы жағдай жасау жұмыстары

Нәтижесінде бөбекжайда ертегі арқылы тілдік- танымдық қабілеттерін дамытуға жағымды жағдай құрылғаны, балалар үшін қажетті пәндік-дамытушылық орта қалыптасқаны анықталды. Ертегітерапия тәрбиелеу-оқыту үрдісінің мазмұныңда өзінің орнын табуда.

Сонымен қатар бөбекжай педагогтары балалармен жұмыс атқару барысында өзге де тиімді технологияларды ұтымды пайдалануда. Атап айтсақ: денсаулық сақтау (психо-гимнастика, логоритмика, саусақ ойындары), ТИКО модельдеу құрастырғыштары, ковролининг, мнемокесте ӨТШТ, М.Монтессории технологияларының элементтері, модельдеу технологиясы, ертегітерапия, би-ба-бо қуыршақтары т.с.с. Біздің педагогтардың ұйымдастырылған оқу-қызметі барысында дәстүрлі емес форма түріндегі  технологиялар да орын табады. Балалармен жұмыс жасаудың педагогикалық процесінде келесі формалар қолданылады: жаппай, дара, топтық. Бөбекжайдағы балалардың моторикасының дамуына да аса үлкен назар аударамыз. Ойын жаттығулар қолдануымен құрылған сабақтар, мектепке дейінгі балалардың тапсырмалар мен творчествалық ойларындағы шешімдерінің дамуында шығармашылық қабілеттілік пен білу деңгейлерін көтереді.

Бөбекжайдағы әдістемелік жұмыс -  бұл педагогтардың  кәсіби деңгейлерін  жетілдіруінің негізгі жолы, барлық ұжымның  шығармашылық дамуына ықпал етеді, оқу – тәрбие үрдісінің сапасын және тиімділігін арттырады. Әдістемелік қызметтің табысты жұмыс істеуі  көбіне кадрлармен сапалы жұмыс істеуге байланысты болып келеді. Әдістемелік қызметтің мақсаты – оқу – тәрбие үрдісін  жаңарту, сапалы білім беруді қаматамасыз ету.

Міндеттері:                  

  • Педагогикалық шеберліктерін жетілдіру.
  • Білім беру үрдісіне қатысушыларының кәсіби құзіреттілігін дамыту.
  • Педагогтардың өз білімдерін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.

 

«ҚР Тіл туралы зандың орындалуы» және үштұғырлық.

Қазақ тілі апталығының өтіуі, өзге ұлт тәрбиешілеріне  арналған, мемлекеттік тілде казақ, орыс тілі бөлмесі кітаптармен ойындар мен  толықтырылды, жыл бойы көрмелер және экскурсиялар ұйымдастырылды. Сулейменова Жанар Базаровна жыл бойы жақсы деңгейде жұмыс атқарып,  ашық қойылымдар, семинарлар, конференциялар, «Тіл білгірі» қалалық сайыстарында өз үлестерін қосып ат салысты.                                                                                       

«ҚР тілдер туралы» Заңның орындалу барысында бөбекжай ұжымы білім беру жұмысының жылдық жоспарына сай іс-шаралар атқарылды.    Топтар әдістемелік әдебиеттермен, оқыту-көрнекілік құралдармен жабдықталған. Мемлекеттік тілде оқыту «ҚР білім бері мемлекеттік жалпы міндетті стандартына» және «1 жас пен 6 жас арасындағы балаларды мектепке дейін тәрбиелеудің және оқытудың жалпы білім бағдарламасы мазмұнының базалық минимумына» сәйкес өткізіледі.
 Қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаттары:
 тілге деген тианақты, мүдделі, көзқарасты және құрмет сезімін қалыптастырубалаларды үйренетін тілдің әлем мәдениетімен таныстыру қазақ тіліне деген қызығушылықтарын тудырып, қазақ тілінде сөйлеуге, араласуға үйрету, тілді құрметтеуге, Отанға сүйіспеншілікке, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.

Педагогтар мен мамандар құрастырылған перспективалық оқу-тәрбие жоспар процесіне сүйене отыра, Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес  жұмыс жасайды және әр балаға жеке түрде күнделікті күнтізбелік жоспар жүргізеді.

Қатысушылар өмірдің әр түрлі ортасындағы: жеке, өндірістік, әлеуметтік-саяси болсын жаңа түсініктерді көзбен көру меңгеруі арқылы проектілік технологияда кеңінен қолданылады.

Қорытынды:

Бөбекжайдың тәрбиешілері мен педагогтары үнемі ізденіс үстінде және де білімдерін үздіксіз толықтыру мақсатында, курстар өтіп, сайыстар мен олимпиадаларға қатысу арқылы үш бірдей тәрбиеші модератор біліктілігін алып,бірталай жетістіктерге жетті.

Ұсыныстар:

2021-2022 оқу жылында тәрбиешілер мен педагогтарды оқу курстарына жіберіп, біліктілігі жоқ тәрбиешілермен жұмыстар атқарып, аттестацияға жіберу.

 

-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасының барлық бағыттарының орындалуын талдау

2019-2020 оқу жылының стандарт бойынша

бөбекжай   балаларының жылдық білім деңгейінің  көрсеткіші 

Бала саны

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

95

44%

32%

24%

2020-2021 оқу жылының стандарт бойынша

Бөбекжай  балаларының жылдық білім деңгейінің  көрсеткіші 

Бала саны

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

       

95

17

62

21

2021-2022 оқу жылының стандарт бойынша

Бөбекжай  балаларының жылдық білім деңгейінің  көрсеткіші 

Бала саны

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

95

16%

37%

47%

Бөбекжай әрекетінің білім беру нәтижелілігінің көрсеткіштің бірі – тәрбиеленушілердің білім беру стандартын меңгеру болып табылады.  

 

Жылдық жоспарға сәйкес, барлық мектеп жасына дейінгі балалардың әрбір жас кезеңінде жылына үш рет балалардың жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың барлық бөлімдері бойынша бағдарламалық материалды меңгеру бойынша педагогикалық диагностика жүргізіледі, ал жылдың соңында балабақшаның түлектерінің мектепке дайындығы туралы психологиялық диагностика жүргізіледі.  Тәрбиеленушілердің жас кезеңдеріне сәйкес бес білім беру саласы бойынша орта деңдейдегі, яғни «Түсінеді» деген көрсеткіштер көрсетілген. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша әрбір жас кезеңіндегі педагогтарына төмен деңгей көрсеткен тәрбиеленушілерге білім беру бағдарының жоспарын әзірлеп, сол бағдарда баламен жасайтын жұмыс мазмұнын көрсету ұсынысы енгізілген. 2021-2022 оқу жылының соңындағы  мониторинг, тәрбиеленушілердің бағдарламаны меңгеру бойынша қорытынды нәтижені бағалауда кешенді  әдістерді қамтамасыз етті, сонымен қатар, мектепке дайындығының нәтижесін де анықтады

 Тәрбиеленушілер ең жоғары көрсеткіштер  «Денсаулық» білім беру саласы бойынша көрсетті: Төмен: «Қатынас» білім беру саласы бойынша. Алайда, мониторингтің барлық нәтижелері жарамды деңгейді көрсетті. Негізінде, мониторингтің нәтижелері, балалардың білім беру салаларын ескере отырып, ойдағыдай меңгергендерін көрсетті және жылдық диагностиканың негізінде балалардың құзыреттілік қорытындысы бойынша орта және жоғары деңгейдегі балалар 84 пайызды құрады.

Биылғы оқу жылында жылдық жоспарда жоспарланған барлық іс-шаралар толықтай жүзеге асырылды.

  Балалармен  тәрбиелік жұмыс  көркем –эстетикалық бағытта  ата-аналармен  бірігіп жасалып отырады (ертеңгіліктер, қуыршақ театрлары, конкурстар, фестивальдар).  

Тақырыптық сабақтар, педагогтарға арналған интелектуалдық сайыстар   «30 тамыз – ҚР Конституция күні», «Шағын отаным - Отбасым» көрмесі,  «Тілдер апталығы», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Алтын күз» мерекесі, ҚР Тәуелсіздік Күніне арналған  «Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік» атты  тақырыптық сабақтар, Жаңа жылдық қойылымдар мен ертеңгіліктер, Халықаралық әйелдер күніне,"Наурыз тойы-елдің тойы!".,  1 -мамыр - «Ынтымақты балдырғанбыз, бірлігіміз жарасқан!»,  «Біз – батыр елдің ұланымыз!», "Бала бақшамен қоштасу кеші".

 №3 «Жұлдыз», №4 «Гүлдер», топтарының түлектері стандарт бойынша толықтай дайын болып бала бақшамен қоштасып, 1- сыныптың табалдырығын аттауға аттанды.

  1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында балалармен ойын -сауық өткізілді. Әр мерекеге байланысты тақырыптық сабақтар, ертеңгіліктер, ашық есік күндері өткізілді. Іс-шараларға ата-аналар қатысып балаларының өнерлерін тамашалап, жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін көрді. Бөбекжайымыз әр мерекеге байланысты безендіріліп, құттықтаулар ілінді. Тәрбиешілер ата-аналармен бірлесе отырып көрмелер ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер ата-аналарымен  әр мерекеде тақырып бойынша суреттер  салып, өз  жұмыстарын суреттер көрмесіне ілді.

2021-2022 оқу жылында тәрбиеленушілер төмендегі жетістіктерге жетті:

Іс- шаралар

Нәтижесі


Республикалық «Менің Қазақстаным» суреттер конкурсы

ІІ дәрежелі диплом Михайленко Ева

Халықаралық қашықтық «Точка роста» олимпиадасы

І орын Нурабаев Амир, Михайленко Ева

«Ата Заңым Айбыным» «Балдәурен» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты

І орын дипломыЕржанова Линара, Зейниден Дінмұхамед, Макарьина Адема,Досымбек Әдия, Кайыргельдина Аделина, Бабаева Айзере

«Бірінші қыркүйек білім күні» «Балдәурен» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты

І орын дипломы Қайрулла Айбын

 

Педагогтар:

 

Іс- шаралар

Нәтижесі

Ақмола облысындағы медиасауаттылық бойынша «MediaLitFEST» онлайн фестивалі

Сертификат Исмагамбетова Мунайтпас Нурланкызы

Создание интерактивного плаката в работе с детьми и учащимися

Сертификат Берестенко Галина Фаизовна

BILIMNUR  БАСПА РЕДАКЦИЯСЫ

Үздік сабақ Берестенко Галина Фаизовна

«Білім жолы- нұрлы жол» Республикалық журнал

Үздік жұмыс сертификаты Берестенко Галина Фаизовна

Қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақұйымы

Құрмет грамотасы Набиева Риза Мұратқызы

Қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақұйымы

Құрмет грамотасы Исмагамбетова Мунайтпас Нурланкызы

«Балдәурен» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты

Диплом Набиева Риза Мұратқызы

   

 

Қорытынды:  Баланың қалыптасқан базалық құзыреттіліктері толығымен қамтамасыз етілді. Балаға дене бітімінін  дұрыс қалыптасуын, эмоционалды елгезектік,үлкендермен және құрдастарымен өзара әрекеттесу тәсілдері мен қарым-қатынас жасауды үйренді. Отбасы, коғам, мемлекет, әлем, табиғат жөнінде алғашқы түсініктерін қалыптастырды.

Ұсыныстар:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардың қызығушылығын арттыру.

Ой-белсенділіктерін арттыру

Рефлекциялық іс-әрекеттерін дамыту

Әлеуметтік жұмыс бойынша талдау.

Жыл бойында бөбекжайда әлеуметтік жұмыс жоғары деңгейде атқарылды деп есептеуге болады. Ата –аналармен балаларды қашықтықтан оқыту барысында тығыз қарым-қатынас орнатылды. Жіберілген сабақтар уақытында орындалып, атқарылған жұмыстар инстаграмм әлеуметтік желісінде ата- аналардың назарына ұсынылып отырды. Ата-аналарға ұйымдастырылған кеңес беру пункті пандемия уақытында өз жұмысын тоқтатпай, ата- аналарға видеобайланыс арқылы кеңестер берілді.

 

 

Ата-аналар комитетінің жұмысы

Біздің бөбекжайдың  ата-аналар комитетімен бірлескен жұмыс оның мазмұнын, ұйымдастыруы мен әдістемені анықтайтын, ережелерге негізделеді:

 - Жұмыстың жүйелілігі мен сабақтастығы (жылдық жоспарға сәйкес);

 - Мектепке дейінгі тәрбиені әр түрлі нысандарда қоғамдық насихаттайтын жұмыстың мақсаттылығы:

 - Баланың отбасында және бөбекжайдағы баланың құқығын қорғау;

 - Балаларды тәрбиелеу, дамыту және сауықтыру;

 - Балалардың құрбылар мен ересектер арасындағы қарым-қатынасы;

 - Бала-ата-ана қарым-қатынасы;

 - Баланың дамуындағы кідірісті маманға жеткізу.

- Ата-аналарды МДҰ жұмысының мазмұнымен таныстыру;

- 5-6 жастағы балаларды мектепке дайындау;

- Ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымның материалдық базасын дамытуға қатысуы (Қамқоршылық кеңес арқылы).

 Ата-аналармен жыл бойы арнайы жоспар бойынша жұмыстар ұйымдастырылып отырды. Оқу жылының басында ата-аналарды оқу жылының жұмыс жоспарымен және бөбекжайда жұмыс істейтін мамандармен таныстыру мақсатында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Топтардағы ата-аналар бұрышы ақыл-кеңестермен толықтырылып отырады. Сонымен қатар бөбекжай мен отбасы арасындағы жұмыста ашық есік күндері, бірлескен шығармашылық жұмыстардың көрмелері, мерекелік ертеңгіліктер мен ойын-сауықтар жоғары деңгейде өткізіледі.

 Жыл бойы төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылды:  «Бала біздің болашағымыз» тақырыбында ата-аналарға жалпыØ жиналыс  Топтық ата-анлар жиналысы: «Бала тәрбиесіндегі

тәрбиешілер мен ата-ананың рөлі», Ашық есік күндері.

 Мектепке дейінгі мекемелерде қазіргі заманға сай, баланың жан-жақты дамып, құзыреттілігін дамытуға көп көңіл бөледі. Сондықтан да ата-ананы бөбекжай өміріне араластыру жаңа заман жағдайында үйлесімді шешуді талап етеді. Бала ата-ананың бөбекжай ісіне араласқанын көріп, олардың қамқорлығын сезініп, өздерінің маңыздылығын сезіне түседі. Ата-анаға бала өміріндегі ең алғаш ұстаз – ол ата-ана екенін түсіндіру. Педагогикалық үрдісті «Ата-ана – бала – педагог» байланысы арқылы құру.

Кері байланыс – тәрбиелеу ж/е оқыту үдерісін ұйымдастырудың ең негізгі компоненті, отбасы мен тығыз байланыс, ата-аналармен баланың дамуы мен табыстары, жағымды-жағымсыз қылықтары, туралы ақпарат алмасу, яғни атааналармен қатынас көпірі Кері байланыс түрлері (ата-аналармен):  Бала өмірі мен әрекеті, достары, топтағы өткен күндері туралы талқылауv  Шығарманы бірге оқып, талқылауv  Ертегінің соңын басқаша аяқтау, сюжет желісін өзгерту, кейіпкерді ойданv ойлап шығару  Кішігірім ертегі, әңгіме ойлап шығаруv  Оқыған тақырыпқа, әр түрлі ақпараттарға материал жинауға қатысуv  Бірлескен жоба, эксперимент жасау т.б.v  Іс-шараларға қатысуv  Саяхатқа, мерекелерге т.б. шараларға қатысуv Педагогтың міндеті – ата-анамен байланыс жасау:  Ақпарат алмасу арқылы жақындасу;v  Оқыту үдерісіне белсенді қатысуға шақыру;v  Ата-анамен тығыз байланыс жасауға көз жеткізу;v  Бала тәрбиесінің сапасына көңіл бөлуv Отбасымен шынайы ынтымақтастық - әр баланың зияткерлік, құзыреттілік, тұлғалық дамуына, жеке басының ерекшелігіне мән бере тәрбиелеуге жол ашады. Яғни, педагог бұл байланыста баланың мүддесін басты орынға қояды. Біздің балабақшада мектепке дейінгі баланың зияткерлі дамуына ерекше көңіл бөлінеді. М.Жұмабаев «Тәрбиедегі мақсат» деген мәтінінде «Балаға тәрбие қылғанда әрбір тәрбиешінің алдымен қолданатын жолы- өз тәжірбиесі дейді». Тәрбиелеу және оқыту үдерісінде жақсарту мақсатымен «ата-ана-бала- тәрбиеші» байланысы құрылды. Бұл бағыттың жүзеге асуына ең алғаш түрткі болған бұл балабақшаның жылдық мақсатына сәйкес «Театралды іс-әрекетті қолдану арқылы баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту» еді. Бұл тақырыпты алғаннан кейін ата-аналарға бұл бағыттың маңыздылығын, оның мектепке дейінгі жан-жақты дамып жетілуіне тигізер әсері туралы кеңес беру арқылы түсіндірілді. Бұл ісшараны ата-аналар қуана қолға алып, ертегі кейіпкерлеріне қатысты костюм тігіп көмек көрсетті. Мерекелер де ертегімен байланыстыра құрылды. Ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатымен мереке қарсаңында «Әке, шеше және мен» деген рубрикада әр-түрлі тақырыпта көрмелер ұйымдастырылды. Мұнда ата-аналар балалармен бұл шараға бірлесіп қатысты.

Әкімшілік –шаруашылық  жұмысты талдау

  Өрт қауіпсіздігі мақсатында: «Өрт болған жағдайда балаларды эвакуациялау», «Өрт пайда болған кездегі алғашқы қадам» нұсқаулықтары өткізілді.

Өрт пайда болған кезде балаларды эвакуациялау туралы қызметкерлер арасында  өзара міндеттері бөлінді. Балалармен өрт болған жағдайдағы эвакуация шаралары жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі ережелері - стенді. Балабақша аумағындағы барлық өртке су себу үшін қолданылатын су краны тексерілді. Эвакуация жоспары барлық қабаттарға ілінді.

Аймақты көгалдандыру және абаттандыру туралы:

  1. Ағаштарды кесу және мерзімі келгенде ағаштың үстіңгі бөліктерін алып отыру.
  2. Орталықтағы кіру алаңында гүлзар дизайынын құру.
  3. Гүлдерді егіп отырғызу.
  4. Бөбекжай-бақша алаңдына гүлдер отырғызу .
  5. шірінділер  мен жер әкелу.
  6. Кұм алаңына құм әкелу.

7.  Жылу кезеңіне толық дайындық  (жуу, шаю)    

8.   Ғимаратқа косметикалық жөндеу жұмыстары

Б

Жаңартылған күні: 04.04.2019 09:55
Құрылған күні: 11.07.2022 11:54

Текст