АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АҚБОТА» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ-САД"  «АКБОТА»  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Әлеуметтік желі

Картинки по запросу инстаграм лого

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету қызметінің есебі

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жаныңдағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК.

Мекен жайы: Көкшетау қаласы, Абая к 55.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

  • 2023 жылы бөбекжайда 39  қызмет көрсетілді;
  • электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 39;
  • қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 0.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • «Баланы балабақшаға қабылдау»;
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және

жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін білім беру және ғылым саласындағы педагогтер мен басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»; 

 2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу

көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат http://ds0010.kokshetau.aqmoedu.kz ресми интернет ресурсында орналастырылған. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

         2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат:

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

         3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары,  кездесулер):

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру, педагогтерді аттестаттау ережелерін өзгерту бойынша нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу бойынша жұмыс жүргізілді.  

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстың барлық мектепке дейінгі, арнаулы орта білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде болады Аkmola.kz. Жүйеде 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Бөбекжай мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 1 қызметкер қызмет көрсетеді, 2022 жылы қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

         4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

         2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

         2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес  білім беру ұйымдарында бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

         3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері:

         Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

          5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

         Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде.

         2024 жылы жеке тұлғалар мен педагогтарды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 16:29
Құрылған күні: 29.02.2024 19:04

Текст