№ исх: 345 от: 13.08.2020
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «13» тамыздағы
№ 345 бұйрығына 1-қосымша
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
-тарау. Жалпы ережелер
Мектеп жасына дейінгі балалармен (бұдан әрі - МДҰ) сабақтарды ұйымдастыру нысандарыөңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты анықталады:
1) қашық форматтасабақтар (консультациялар) өткізу;
2) МДҰкезекші топтармен сабақтар өткізу.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қашық форматта сабақтар (консультациялар) – үй жағдайында оқыту(консультация), ата-аналардың жетекшілігімен балаларпедагогтердің тапсырмаларын үйренеді және орындайды (көбінесе ересек, мектепалды жастағы балалар).
МДҰ кезекші топтармен сабақтар өткізу - тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып МДҰ оқу- тәрбие қызметін ұйымдастыру нысаны.
2- тарау. Қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ұйымдастыру тәртібі
Қашықтан оқыту режимінде тәрбиеленушілерге бейнесабақтар өткізу ата-аналар қауымдастығының сұраныстарын және әлеуметтік тапсырысты орындауды, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы тәрбиеленушілердің ата-аналарын консультациялық қолдауды қанағаттандыруға бағытталған.
Мектеп (шағын орталық болған жағдайда) және мектепке дейінгі ұйым басшылары ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында және ересектер тобы, мектепалды даярлықтобы/сыныбы балаларынақашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша:
- қашықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, балалардың ата-аналары/заңды өкілдері) ересектер тобы, мектепалды даярлық тобы/сыныбындағы балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сабақтың басталу күнін көрсете отырып хабардар болуы;
- қашықтан оқытуды өткізу үшін әр отбасында қолжетімді байланыс түрлерінің, интернет-ресурстардың тізімін анықтау;
- «Сауат ашу негіздері», «Математика негіздері»,«Қоршаған ортамен танысу» бойынша (күніне бір сабақ) қашықтан кіріктірілген сабақ кестесін құруы;
- педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды және т.б. кеңінен қолдана отырып, қашықтан оқыту сабақтарыныңконспектілерін (бейнесабақтармен оқыту) әзірлеуі;
- ересектертобында, мектепалды даярлық тобы/сыныбында педагогтер жас топтарын ескере отырып, бейнесабақтар, мультфильмдер, аудио-ертегілер орналастыратын әлеуметтік желілерде (WhatsApp, Facebook, Instagram және т.б.) топтар құру;
- ата-аналармен кері байланысты қамтамасыз ету;
- топтардың, сыныптардың контингентін бекіту,сабақ кестесін, жұмыс кестесін, күн тәртібін жасау;
- еңбек заңнамасына сәйкесқашық форматтажұмысты қамтамасыз ететін, қызметкерлердің(әкімшілік, техникалық персонал) еңбек функцияларынанықтау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Басшының орынбасарлары,әдіскерлер:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын ересек, мектепалды жастағыбалалардың меңгеруіне бағытталған қашықтан оқытуды ұйымдастырады;
- педагогтермен бірге ересек, мектепалды жастағы балаларды қашықтан оқытуды қамтамасыз етеді;
- жұмысты ұйымдастыру туралы барлық қашықтан оқытуға қатысушылардың (педагогтер, балалардың ата-аналары/заңды тұлғалар) белсенді ақпараттандырылуына ықпал етеді;
- қажет болған жағдайда балаларды қашықтан оқыту нәтижелерімен бейне талқылау өткізеді;
- ҰБДҚ мәліметтерін, тәрбиеленушілердің ауысуы, педагогтерінің сапалық құрамы, материалдық база, техникалық персонал және т. б. туралы ақпарат базасын толтырады;
- тәрбиеленушілердің ата-аналарынажеке консультация берудіжүзеге асырады;
- тәрбиеленушілердің ата-аналарын (заңды өкілдерін) білім беру платформасы, сабақ кестесі туралы хабардар етеді.
- бекітілгенкестеге сәйкес қашықтан сабақ өткізеді;
- ата-аналар үшін жеке консультацияөткізеді
- қашықтан оқытудың барлық қатысушыларымен кері байланысты қамтамасыз етеді.
- қашықтан оқыту нәтижелерін ескересабақ конспектісіне түзету енгізеді.
Қашық форматтағы сабақтарға ұсынымдар
Санитариялық қағидаларға сәйкес ересектертобында, мектепалды тобы/сыныбында балаларға арналған сабақтар 15 минуттан артық емес қашық форматтаөткізіледі.
Тәрбиеші тәрбиеленушілердің ата-аналарына әрекет алгоритміжазылған жаднама ұсынып, стриминг режимінде(қажеттілігі бойынша) сабаққаалдын ала дайындауы керек.
Сабаққа дейін:
- өз құрылғысына қолжетімдіқосымшаны жүктеу;
- қосымша құралдарының жұмысын тексеруі (микрофон, бейне, экранды көрсету және т. б.);
- тіркелу үшін өзінің тегі мен атын, жас тобын/сыныбын пайдалану;
- сабақ алдында 10-15 минут бұрын платформаға қосылуды тексеру.
Сабақ уақытында:
- бөгде дыбыстардың болмауын қамтамасыз етуі;
- микрофонның жұмыс істеуін қадағалауы (қажет болған жағдайда ғана қосу);
- бейненің көрінуін бақылауы;
- әдептілік мінез-құлық нормаларын сақтауы;
- платформа құралдарын дұрыс қолдануы (қажет кезде: педагогке (ата-анаға) хабарлама жазу, бейне/аудио немесе презентацияны қосу) қажет.
Сабақтың асинхронды форматы педагогтың ата-аналармен және тәрбиеленушілермен электрондық платформалардың мүмкіндіктері арқылы өзара іс-қимылын білдіреді.
Қашықтан оқыту үшін электрондық платформаны қолдану бойынша ұсынымдар
Қашықтан оқыту үшін білім беру интернет-платформаларын, сондай-ақ, электрондық поштаны, басқа да байланыс құралдарын пайдалану ұсынылады.
Оnline.edu.kz білім беру платформасында ашылған парақшасында жас топтарын ескере отырып, бейне-сабақтар, мультфильмдер, аудио-ертегілер үлгілері, сондай-ақ мектепалды тобы/сыныбына арналған бейнесабақтар орналастырылған.
3- тарау. Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру
Кезекші топтардың жұмысы санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде жүзеге асырылады. Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді құралдар арқылы қабылданады (1-қосымша).
Кезекші топқа баруғаниет білдірген жағдайда балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері мектепке дейінгі ұйым басшысының атына өзқалауы туралы өтініш жазады және оны қол жетімді байланыс құралдары арқылы тәрбиешіге жібереді.
Тәрбиеші өтінішті әкімшілікке береді.
Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі берілген өтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші топтарды құрады.
Кезекші топтардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі, педагогикалық құрамы педагогикалық кеңестің отырысында бекітіледі, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіледі.
Кезекші топтардағы білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымның бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Күн сайын балабақшада кезекші топтарменмедицина қызметкері барлық қызметкерлердіжәне балаларды таңертеңгі фильтрден өткізеді. Ауру белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар ата-аналарымен үйіне қайтарылады.
Созылмалы аурулары жоқ балаларды кезекші топқа жіберу ұсынылады (өтініште көрсетіледі).
Басшының атына өтініш беру арқылы кезекші топтарға баруды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын кезекші топтарғаапара отырып, олардың қоғамдық ортада болатынына және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупінболдырмау үшінбарлық шараларды қолдануға келісімін береді және түсіністік танытады.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді: қол орамалдар, дымқыл бактерияға қарсы майлықтар мен маскалар (5 жастан бастап).
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларына әлеуметтік қашықтықтың қажеттілігі туралы түсіндіреді.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларынмектепке дейінгі ұйымның сыртқы кіретін есігіне дейін ертіп апарады. Кіріберісте тәрбиешібалалардықарсы алады және топқа апарады.
Мектепке дейінгі ұйым дезинфекциялау құралдарының қорымен (кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинауды қамтамасыз етуге арналған құралдар) қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі ұйымда қамтамасыз етіледі:
- тәрбиеленушілер мен педагогтердің, басқа да қызметкерлердің физикалық байланыстарын қысқарту;
- әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін ойын алаңдарын барынша пайдалану;
- тәрбиеленушілер мен қызметкерлердіңдене қызуын күн сайын өлшеу;
- топтардағы әрбір сабақтан кейін дәліздерді, холлдарды және басқа да үй-жайларды ылғалды жинау, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, сүйеніштерді, баспалдақтың араларын, терезенің алдын дезинфекциялау;
- медициналықкабинеттер мен оқшаулау бөлмесінің жұмыс істеуі (күн сайын дене қызуын өлшеу, ауру белгілерін анықтау, оқшаулау, ауырғандар анықталған жағдайда- барлық топты қашықтан оқытуға көшуді қамтамасыз ету, топтағы балалардың жағдайын бақылау, топты штаттық режимге қайтару);
- балалардың кіруі мен шығуы үшін балабақшаның әр жас тобында жеке кіру және шығу есіктері пайдаланылады.
Кезекші топтардың жұмыс істеуіне ұсынымдар:
топтардың толымдылығы - 15 баладан артық емес;
балалар үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
әрбір сабақтанкейін кабинеттерді желдету, кварцтау;
қолды жуу және залалсыздандыру арнайы құралдарын пайдалану.
Тәрбиеші МДҰ бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім,МДҰ күн тәртібін сақтау және т. б., баланы алдын ала алып келу, себебі балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін).
Кезекші топтардағы сабақтарперспективалықжоспар менциклограммаға сәйкес кесте бойынша өткізіледі.
Тамақтану, ұйымдастырылған оқу қызметі, ұйқы, демалыс режимі сақталады.
Күн тәртібіаяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды өкілдер балаларды алып кетеді, тәрбиеші баланы шыққанға дейін ертіп барады.
4- тарау. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, бейнесабақтарды әзірлеу бойынша ұсынымдар
Ұйымдастыру іс-шаралары:
- бейнесабақтың мазмұныСтандарт пен Үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес келуі;
- ақпараттық-коммуникациялық жәнемультимедиялықтехнологияларды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар, презентациялар) тиімді пайдалану;
- бейнесабақтардыңматериалдарын офлайн режиміндепайдалану мүмкіндігін ұсыну;
- бейнежазба ұзақтығы -15 минуттан аспайды.
Сабақ мазмұны:
- «классикалық» (баяндау) және стандартты емес стильдердіңсәйкестігі;
- түсіру мен таңбаны толтырудың үйлесімді қатынасы (экрандар және т.б.);
Эмоционалды фон:
- педагогтыңдауысы қалыпты, жағымды, дыбысталуы қабылдауға жетерлік,анық сөйлейді, жақсы дикция;
- баяндауы түсінікті, еркін, жеткілікті мөлшерде эмоционалды (қатысу эффектісі) асықпай сөйлейді;
- психологиялық әсер: айтылатын мәтіннің стилі мен тілі, интонация, жеке сөйлемдерді қабылдауы, эмоционалды көтеріңкілік, кідіріс;
- сәйкес мағынада(эмоционалды) музыкалық сүйемелдеу;
4.Сабақ дизайны:
- түс фоны тұрақты-түс гаммасына жақын үш түстен тұрады;
- дыбысы анық ( бөгде дыбыстарсыз), дыбыстыңбіркелкі естілуі.
Педагогтың психологиялық-педагогикалық дайындығына ұсынымдар:
- тәрбиеленушілердің жас және психологиялық ерекшеліктерін білу;
- электрондық оқыту ресурстарын әзірлеуге және құруға қойылатын талаптарды білу;
Әдістемелік дайындық:
- электрондық білім беру материалдарын әзірлеу мен қолданудың әдістемелік тәсілдерін меңгеру;
- стандартты емес жағдайларда сабақтың мақсаттарын анықтау және жүзеге асыру;
IT-технологиялармен жұмыс істеу дағдылары:
- IT-құзыреттіліктердіңболуы;
Бейнесабақтарға ұсынымдар:
- ұзақтығы:15 минуттан аспайды;
- икемді кесте;
- кез келген уақытта қарау мүмкіндігі.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты жақсарған кезде санитарлық талаптардықатаң сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың және мектепалды сыныптарыныңштаттық режимде жұмыс істеуге біртіндеп көшуі жүзеге асырылады.