АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АҚБОТА» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ-САД  «АКБОТА»  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Әлеуметтік желі

Картинки по запросу инстаграм лого

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұшқыр ой мен шешен тіл» интелектуалды ойыны

29.04.2025

 «Ұшқыр ой мен шешен тіл»

Интеллектуалды ойын

 

                                                                Дайындаған: қазақ тілі мұғалімі

                                                               Жанар Базарқызы Сулейменова

 

Мақсаты: Педагогтің білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Бар білімдеріңізді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 2 топ қатысады. Ойын бірнеше кезеңнен тұрады.
ТОПҚА  БӨЛУ

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
                                            Миға шабуыл
Тез жауап бер.

1. Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? Көкжиектен
2. Нені қазып қала болған? Жезқазған
3. Екі қазанның бірі сатылып кетсе, неше қазан қалады? Бірқазан
4.  Ұйқышыл, маймақ не? Аю
5. Шақса, қауіпті, бірақ адамға пайдалы не? Ара
6. Адамға   адал, қасқырға қатал не? Ит
7. Өзі ала, өзі биік не? Алатау
8. Өзі терең, өзі тұзды, өзі ала не? Алакөл
9. Өзі талды, өзі қорған не? Талдықорған.
 

Енді ойынымыздың І – кезеңін бастаймыз.
1 кезең «Ұшқыр ой»
1 топ
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
5.Заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
6.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
 

2 топ
1. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
2. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
3. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

 

2кезең«Көп сөйлеме»

Шарты : әр қатысушы алға шығып өз тобына жасырылған сөзді ыммен түсіндіреді.

1-ші топ

2- ші топ

Тақта

Парта

Көзілдірік

Бор

Циркуль

Дәптер

Кітап

Ноутбук

Принтер

Өшіргіш

Машина

Кеме

Ұшақ

Мотоцикл

шаң

Ұят

Аю

Қоян

Тікенек

диплом

нан

Қарбыз

домбыра

қобыз

 

3 кезең«Құпия сандық»
 

Бұл кезеңде жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың  шешуін 2 тілде (қазақша, орысша, )айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
1 топ
1. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2. Бірін – бірі қостаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос - жаран. (әріп – буква)
3. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
4. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
5. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
6. Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа - черепаха - )

2 топ
1. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
2. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
3. Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге. (ай - луна )
4. Суға салсаң батпайды,
Жерге ұрсаң жатпайды (доп - мяч )
5. Аппақ дала, қара дән.
Сепкен дәні түсінуге жараған. (әріп - буква )
6. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа - воздух )

4 кезеңді бастаймыз. «Жұлдызды тап»

1 топ

Шарты: берілген сұраққа жауап беру.

  1. Көпшілікке айтыскер ақын, әнші ретінде танылып жүрген (Төреғалі)
  2. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі (Қастеев)
  3. Шекспирді сүйген, театр сыншысы (Әшірбек Сығай)
  4. «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты тұлға Сартайды сомдаған (Асылхан Төлепов)
  5. «Алло» әннің орындаушылары:  Ерке мен Төреғалі
  6. Ақтобе облысы, Ырғыз ауданында туған әнші қыз (Е. Есмахан)

2 топ

 

  1. «Ауырмайды жүрек» әннің орындаушысы (Қ Нұртас)
  2. Бал-бала ойыншықтар желісінің авторлары (Қарақат)
  3. Өнер жұлдыздары мен қоғам қайраткерлерін бағдарласына шақырып, шындықты айтуды талап етіп сырласатын тележұргізуші (Әйгерім Сейфолла)
  4. «Атамекен» әнін жазған  Е. Хасанғалиев, сөзі Қ Мырзағалиев
  5. «Ақмаржан»  орындаушы З. Көпболсынұлы
  6. «Аэропорт» Ерке Есмахан

5 кезең«Айшықты сөздер»
Бұл кезеңде бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (оқытып, жауабын тыңдау)
1топ
1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
5. Қас пен көздің арасында (лезде, жылдам)
6. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
                                                              2 топ
1. Бетінен оты шықты (ұялу)
2. Ит өлген жер (алыс)
3. Көзді ашып - жұмғанша (тез, лезде)
4. Таяқ сілтем жер (жақын)
5. Тонның ішкі бауындай (тату - тәтті)
6. Тайға таңба басқандай (анық)
V кезең«Суреттер сөйлейді»
Шарты: бір-бірден шығып берілген мақалды сурет арқылы бейнелейді, қалған топ мүшелері табады.

  1. Бір тал кессең, он тал ек

1.Жеті рет өлшеп, бір рет кес

  1. Нөсер алдында найзағай ойнайды.

2.Боранды күні ит пен бала құтырады

3.Аталар сөзі, ақылдың көзі

3.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл

4.Білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз

4.Оқу білім бұлағы, Білім –өмір шырағы

VІкезең «Сиқырлы сандық»
«Естімеген елде көп» логикалық тапсырмалар
1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)
2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?)
3. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)
4. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
5. Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен)
6. Аспанда аяқ бола ма? (ай ақ болады)
7. Анаң нені «төртке бөлген»? (ұйқысын төртке бөлген)
8. Бірін – бірі көрмейтін көрегендер не? (көз)
9. Еститін, бірақ көрмейтін не? (құлақ)
10. Иісшіл егіздер не? (мұрын)
11. Қандай тілдер болады?
(ҚАЗАҚ ТІЛІ, САҒАТ ТІЛІ, ӨТКІР ТІЛ, АНА ТІЛІ, ШЕТ ТІЛІ, АЩЫ ТІЛ, КӨРКЕМ ТІЛ, БАЛА ТІЛІ, БУЫНСЫЗ ТІЛ)
12. Көздің тілімізде кездесетін бірнеше  түрі бар. Осы көз түрлерін  тауып жаз (күннің көзі, су көзі, ақпарат көзі, білім көзі ).

Қорытынды
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кең пейілге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөзді бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама – дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
Келесі ойындарда кездескенше күн жақсы.

Просмотров: 1789


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст