«Мамандықтың бәрі жақсы»
Дайындаған: тәрбиеші
Науканова Дильназ Болатқызы
Мақсаты:
1.Балалардың сөйлеу белсенділігін, есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын дамыту. 2.Әртүрлі мамандықтармен таныстыру,дәрігер,тәрбиеші,аспаз,құрлысшы,ғарышкер мамандықтарының маңызымен танысту. 3.Мамандықтарға қызығушылығын арттыру олардың еңбегін көрсету. 4.Шығармашылығын дамыту.
5.Балалардың дүниетанымын жан-жақты дамыту.
Әдіс –тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, слайд, қортынды.
Көрнекіліктері: слайд,мамандыққа байланысты суреттер
Балалар қане қонақтар амандасайық. Шаттық шеңбер жасайық. «Сәлем берем үлкенге» Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз, Бәріне де ізетпен, Сәлеметсіз бе, ағай? – деп, Сәлеметсіз бе, апай? – деп, Ұл-қыз сәлем береміз, Өнегелі өренбіз.
Тәрбиеші: Ауа райы жайлы сөйлесу Қандай мезгіл? -Көктем Неше ай бар? - 3 Аптада неше күн бар? -7 Тәрбиеші: Балалар, біз тұратын ел қалай аталады?
Балалар: біздің ел Қазақстан деп аталады.
Тәрбиеші: біздің ел туралы не айтуға болады?
Балалар: біздің ел: үлкен, өте әдемі және бай.
Тәрбиеші: біздің елімізді кім үлкен, әдемі, бай етеді?
Балалар: біздің елімізде өмір сүретін және жұмыс істейтін адамдар, әртүрлі кәсіптердегі адамдар соншалықты күшті.
Тәрбиеші: сонымен мамандық дегеніміз не?
Балалар: Мамандық дегеніміз ол жұмыс және еңбек
Ал, балалар тақтаға назар аударамыз
Ойын «Мамандықты ата»
Тақтада суреттер шығады
Суреттерді тауып тақырыпты ашу
Ал бүгінгі біздің тақырыбымыз «Мамандықтың бәрі жақсы»
Тәрбиеші:
Ал, балалар қандай тақпақ білесіздер мамандық жайлы
Фермер – егін егеді,
Далаларда еңбек етеді.
Жеміс-жидек, көкөніс өсіріп,
Жер байлығын береді. Дархан
Әнге қосып айтатын,
Ғарышкерлер үніміз.
Өлең етіп жазатын,
Ғарышкерлер жырымыз. Милана
1- тапсырма
Жұмбақты шеш
І – тапсырма: «Жұмбақтар шешу» құрал жабдықтарына байланысты
1. «Екі тышқан бірлесіп, пішіп кесіп береді»
«қайшы»
2. Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын. «балта»
3. Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із қалар «бор»
4. Аяғы жоқ, қарны тоқ, Құлағы бар, басы жоқ.
/Қазан/.
3-тапсырма
Мнемакесте « Кім тапқыр?»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту жәнеде мамандықтар туралы білімдерін толықтыру
Сергіту сәті әуенді
Ұшқыш болып ұшайық
Тігіншіге ұқсайық
Дөңгелене би билеп
Бишігеде ұқсайық
4-тапсырма
Тәрбиеші: Ал келесі тапсырмамыз
Ойын «Текшемен ойын»
Мақсаты: Балалардың физикалыққабілетін дамыту және сөз байлығын дамыту
Тәрбиеші: Ал келесі тапсырмамыз
Топтық тапсырмалар
Балаларды 3 топқа бөліп әр мамандық иесі болып ойнау
Шашатараз, Аспазшы, Программист
Шарты: Әр мамандық иесінің қызметін
Қорытынды ойын «Мен өскенде....»
Шарты: Кітапша жасау
Балалар сөйлемді жалғастырады және өскенде кім болғысы келетінін айтады
Ағашқа алма жабыстыру арқылы сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап
1.Бүгін біз не жайлы айттық?
2. Қандай мамандық иесі жайлы айттық?