АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АҚБОТА» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ-САД"  «АКБОТА»  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Әлеуметтік желі

Картинки по запросу инстаграм лого

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту.

12.11.2021

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту.

Негізгі мақсаты:

  • Мектепке дейінгі жасындағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;
  • Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу.
  • Балалардың сӛздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;
  • Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып – ойын дамыту.

Міндеттері:

  • Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой - өрісін, дүниетанымын жетілдіру.
  • Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу.
  • Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
  • Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр

баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, ӛзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, ӛзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптасты

 

Мектепке дейінгі жасӛспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рӛл атқарады. Театр әр

балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның кӛркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады

екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу

керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол ӛзінің айналасында болып жатқан ӛзгерісті, тамаша құбылыстарды сеізінуге тырысады. Оның жан- жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамыуын

театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды.

Театрландырылған ойындар желелі рӛлдік ойындардан тек желісі ғана

емес, содай-ақ ойнау іс-әрекетінің  сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.

 

Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған кӛркемдік шығармаларды саханалық

қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы саханада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын

жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, ӛнерге деген

құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер саханада шағын рӛлдерде ойнау арқылы

байланыстыра сӛйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және ӛзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың ӛз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рӛлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-ӛрісі,қиялы

дамиды. Рӛлді ойнау арқылы ӛз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы

бұрын байқамаған ӛмір кӛрністеріне таңқалдырып,ӛз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа кӛріністер арқылы біреуге үйретеді.

Театрландырылған ойындар балалардың ой-ӛрісін кеңейтеді, балаларды

әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сӛйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде

сӛйлеуге ӛзі алған әсерін монолог түрінде сӛйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бӛлімнен тұрады.

  1. Театрландырылған ойын. Кез келген ӛмірлік мән жайда ӛз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бӛлімдегі ойын 3-ке бӛлінеді:
    • дамытушылық
    • әсемділік
    • театрлық.
  2. Ырғақтыиілгішті (ритмопластика)– бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының

нақтылығымен еркіндігін дамытуда, ӛзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.

  1. Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сӛйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сӛйлеу құрлымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бӛлімге сӛздермен

айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сӛйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді. Жаттығулар 3-ке бӛлінеді:

 

 

  • тынысалу және артикуляциялық
  • дикциялық және интонациялық
  • сӛздермен шығармашылық ойындар.
  • Театр мәдениеті: Балаларға театр ӛнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бӛлімнің негізгі тақырыптары: театр ӛнерінің ерекшеліктері, театр ӛнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, кӛрермендер

мәдениеттілігі.

  • Қойылыммен жұмыс – жанама бӛлім, авторлық саханалауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар.
  • қойылыммен таныстыру
  • қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.
  • Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Кӛріністі безендіру.
  • Дайындық
  • Қойылымды саханалау.

Театрландырылған ойынның жіктелуі.

Драматизация                                                 Режиссерлық

Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы ӛз бетімен бейне жасайды, ӛзіндік әрекет етіп рӛлді ойнайды.

Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы кӛрерменсіз

музыкалық сипаттағы орындау болады.

  • жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;
  • мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рӛлдік ойындар;
  • шығармашылық кӛрсетілім;
  • бір немесе бірнеше шығарма   арқылы қойлым қою.

Драматизация түрлері:

Ал драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.

1. Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын

қимылдатып сюжет жасайды. Кӛріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп кӛрсетеді.

 

2. Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл

қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.

 

 

Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, ӛзі режиссер және сахана қоюшы рӛлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді,

сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.

Балалар театырының бірнеше түрлері бар

  • Ең көп тараған түрі-ойыншықтар театры -Бұнда балалар қысқа

тақпақтарды жаттап, оның ӛзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене кӛлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рӛлін ойыншықтар орындайды.

 

Жіптің кӛмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар

арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп ӛткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр

қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала ӛзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды.

Ӛздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі

бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен

кӛрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалрдың ӛздерін еркін сезінуіне, ӛз күшіне сене білуге кӛмектеседі.

Саусақ театрында– саусақтардың кӛмегімен қандайда болмасын

ертегіні немесе ӛлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сӛйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып,

ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен

құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады

шаттанады, сӛз айтуға тырысады және ӛлеңде үйренген сӛз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, тӛмен т.б. түсініктерді

бағдарлай алуда үйренеді.

 

Үстел үстіндегі театры -Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа ӛлеңдерді айтқызғанда кӛркем сӛздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жӛн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш

кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан,

қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер- театр»; магнит театры; «мочалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді

тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар ӛздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықта

  • Суреттер (картиналар) театры - Декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы

(интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.

  • Стенд-кітапша театры - Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық

оқиғалар кӛрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді кӛрсеттеді (оқиғалар, кездесулер ).

  • Фланелеграф театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда кӛрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.

Трафарет театры - Трафарет театры арқылы сӛз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің

кӛмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде

балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала ӛзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл-

қозғалысын ӛзгерте алады.

  • Көлеңкелі театр - Жарық ӛте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің            қозғалысына қарауды балалар ӛте жақсы

кӛреді. Ертегі, әңгіме, ӛлең, әндерді кӛлеңке театры арқылы айтуға болады.

Кӛлеңке таетрдың қойлымын кӛрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі кӛріністі кӛрсеттеді. Кӛлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- ӛрнекпен ӛрнектейді. Кейіпкерлерді кӛрсету үшін – оны экранның арт

жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді кӛрсеткенде қол кӛрінбеу керек. Бұл

кӛріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой ӛрістері дамытады.

Сахналық ӛнерге баулыған балалар жаттаған сӛзінің мағынасына сәйкес,

күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу,

кӛркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып ӛткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сӛздік қоры толықтырылды, сӛйтіп

олардың белсенділігі артты, сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты түрде ӛтетін болды. Балалар ӛздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана,

құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды ӛткізген кезеңде әрбір ұлттық халық ертегілерінен кӛріністер қойылды.

Балалар ӛз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар ӛздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті

кӛріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бӛліктері ӛзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, ӛздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын ӛздері таңдап алып отырды.

Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да кӛрінді. Қуыршақтардың түр- түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар

балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сӛйлеу мәдениеті мен ой-ӛрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.

 

 

 

     

                            

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Баяндама»

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту.

№2 «Балдырған» ортаңғы тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Карипхпнова Д.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау-2021ж

Просмотров: 271


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст