АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АҚБОТА» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ-САД  «АКБОТА»  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Әлеуметтік желі

Картинки по запросу инстаграм лого

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Көк байрақ желбіре" Республика күніне арналған ойын -сауық.

29.10.2025

 «Бейбіт елдің балалары» 

(Республика күніне арналған ойын-сауық

Жас тобы: екінші кіші топ (2 жас) 

Безендіру: 

Топ Қазақстан туының түстерімен безендіріледі. Музыка баяу ойнап тұрады. Балалар ұлттық киімде.

Бөлім 1: Кіріспе 

Тәрбиеші: 

Сәлеметсіздер ме, кішкентай достар! 

Бүгін біз ерекше мерекені тойлаймыз. Бұл – Қазақстан Республикасының күні! 

Қазақстан – біздің туған жеріміз, Отанымыз! 

Ендеше, бәріміз бірге ән айтып, ойын ойнап, көңілді мереке өткізейік!

Бөлім 2: Өлеңдер

Би: «Көк тудың желбірегені» (қысқартылған, жеңіл нұсқасы) 

Қарапайым қимылдар, қолдарында кішкентай ту .

Бөлім 4: Ойын «Өз жалауыңды тап» 

Тәрбиеші:

Балалар музыка ырғағымен шеңбер құра жүреді әуенге сай кейін тоқтап, мына жерде әртүрлі елдердің тулары бар. Ал енді сендер өзіміздің Қазақстан туын тауып, сол туды көтеріп, орындарыңа барып отырыңдар.

(Түрлі елдердің жалауларын көрсетіп, балалар Қазақстан туын таниды. Ойын барлық балалармен ойналады.)

Бөлім 5: Ойын «Тудың сәулелерін құрастыр» 

Тәрбиеші: 

Балалар, мына жерде күннің дөңгелегі бар. Ал күннің сәулелері шашырап жатыр. Сол сәулелерді жинап, күннің айналасына жапсырамыз.

(Сары түсті жолақтар — «сәулелер» еденде шашылып жатады. Балалар кезекпен барып, күннің айналасына сәулелерді дұрыс орналастырады.)

Қорытынды бөлім 

Тәрбиеші: 

Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер Отан туралы біліп, танып, ойын ойнадыңдар.

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз! 

Туымыз биікте желбірей берсін!

Барлығы бірге: 

Қазақстан – біздің Отанымыз!

Просмотров: 1366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст