“Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы "Ақбота" бөбекжайы" МКҚК мемлекеттік тілде оқытатын топта тәрбиешінің уақытша бос (бала күтімі бойынша декреттік демалысы аяқталғанға дейін) лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды
Білімі мен еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 171 855 теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;педагогикалық этиканың нормалары; психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар; еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін - 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін - кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.
Кәсіби құзыреттіліктіі айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог": мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу; жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру; әдістемелік жұмысқа қатысу; балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу; кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану; аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог-сарапшы": педагог-модераторға қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігін білу; балалардың зерттеу дағдыларын дамыту; балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру; әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану; тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде, аудан/қала деңгейінде өзінің және әріптестерінің болуы, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;
4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; балалардың зерттеу дағдыларын дамыту; балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру; тәлімгерлікті қолдану; көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану; аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы; сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын білу, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау; облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстарға және конференцияларға қатысу; оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану; балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру; РОӘК-те мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс; жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушыларын дайындау.
Байқау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының негізінде өткізіледі. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелген.
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларын бекіту туралы»
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
толтырылған кадр есебі бойынша жеке парақ (тұрғылықты жерінің нақты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, Біліктіліктің үлгілік сипаттамаларымен бекітілген білім туралы құжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес;
психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық бақылауында тұрмағаны туралы анықтама;
есірткіге тәуелді науқастардың динамикалық бақылауында тұрмағаны туралы анықтама;
сертификат (сертификациядан өту нәтижелері туралы) немесе қолданыстағы біліктілік санаты бар екенін растайтын куәлік (болған жағдайда);
ағылшын тілі пәні педагогы лауазымына үміткерлер үшін – пән бойынша сертификациядан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік (болған жағдайда) не болмаса келесі сертификаттардың бірі:
CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults, Cambridge) PASS A,
DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass және одан жоғары,
IELTS – кемінде 6,5 балл,
немесе TOEFL (Internet Based Test (iBT)) – 60–65 балл;
осы Қағидалардың 12, 13-қосымшаларына сәйкес нысанда толтырылған вакантты немесе уақытша вакантты педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы;
жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат (ұсыным хат).
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды үміткер хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының ресми сайтында мекенжайы бойынша ұсынуға тиіс:
020000. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 55, Анықтама телефоны: 8 (71602) 51 69 17, akbota87@mail.ru