АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АҚБОТА» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ-САД  «АКБОТА»  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Әлеуметтік желі

Картинки по запросу инстаграм лого

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

                       2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК

Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Абай көшесі 55.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайы білім беру саласында 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайында 43 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

  • электрондық үкімет порталы арқылы – 43 мемлекеттік қызмет;

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар 5 өтініш бойынша берілді, оның ішінде: 5 – электрондық форматта.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • «Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау және қабылдау (тіркеу)»
  • «Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»
  • «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау»

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайының ресми интернет-ресурсында http://ds0010.kokshetau.aqmoedu.kz/content/5154-11-07-23-10-07-12-gosudarstvennye-uslugi  «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайында  ресми интернет-парақшаларда 3 жарияланым,1 ата-аналар жиналысы,1 семинар-кеңес.

Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайында Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы  жұмыс істейді, жүйеде 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
  2. Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайында мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
    2025 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуы мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес балабақшада бақылау жүргізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайында қатысты ескертулер жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  •      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 

 

Меңгеруші                                                                                                   Т.Н.Светличная

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд: М.Н. Исмагамбетова
Тел.: 50-69-17


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст