АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АҚБОТА» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ-САД"  «АКБОТА»  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Әлеуметтік желі

Картинки по запросу инстаграм лого

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ КІШІ БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ҚАҒАЗ ПЛАСТИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ.

04.12.2020

Мектеп жасына дейінгі кіші балалардың ұсақ моторикасын және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы қағаз пластикасының маңызы.                       

Қағаз пластикасының мектеп жасына дейінгі кіші балаларды дамытудағы
маңызы:
-Қағаз пластика балаларды қағазбен жұмыс істеудің түрлі амалдарын үйретеді: шиыршықтау,қиыстыру,салу,желімжеу;

-Балаларды қолмен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады,саусақты нақты

Қозғалтуға үйретді,бала қолдарының ұсақ маторикасы жетіледі,көзбен

Шамалауы дамиды;

-Балалардың көркемдік талғамын және шығармашылық қабілеттерін дамытады, олардың қиялын белсенділендіреді;

-Ойын жағдайларын туғызуға ықпал жасайды,балалардың ұйымшылдық Қабілеттерін кеңейтеді. Қағаз пластикаға оқытқанда қағаз пластика техникасында орындалған бұйымдар қолданылатын сюжеттік тақырыптық композиция құруға үлкен назар аударылады.Композицияның ерекшелігі:сурет жапсырылатын астарды жапсыру техникасында орындалған қосымша бөліктерімен көркемделуі.Яғни композицияның тақырыбына байланысты қоршаған орта даярлау:шабындықтағы гүлдер,тоғандағы арал,бұлтпен,ашық күнмен,өршеленген теңіз бен аспан т.б.

 Осының нәтижесінде балалардың психомоторлық процесстері тегістеледі,олардың мінез-құлықтары өзгереді,жеке-қатынастары жақсарады.

Жұмыс кезеңінде сабақтың әр түрлі қолданылады:дәстүрлі,аралас,тәжірибелік сабақтар.

Өңдеуге жеңіл көнетіндіктен балалар қағазбен сүйіспеншілікпен жұмыс істейді.Егер балаға қағаздың әр-түрлі сұрыптарын берсе,онда ол қағаздың жұмсақ,қатты,қалындығы және беріктігі,түр-түсі,жылтырлығы әр түрлі болатындығын ұғады.

Кішкентай балаларға заттарды қағаздан уқалау және жырту амалдары арқылы жасауды ұсынады.Осы кезде бала қағаздың қасиеті жайлы ғана білім алмайды,сонымен қатар өзінің қимылын,күшін келісіп жүргізуге үйренеді.                        

Балабақшаның кіші топтарында сабақтарға қажетті арнайы құралдар мен жабдықтар болуы қажет:астарға және қағаз пластика элементтеріне арналған қағаз,ұннан жасалған желім,қылқалам,қайшы,қылқалам қойғыш,таза салфетка(әр балаға),түрлі фактуралы түрлі-түсті қағаз.

Қағазбен жұмыс істеу баланың еңбекке деген оң ықпалын қалыптастырады,онда өзінің еңбегіне деген рахат,мақтаныш сезімі пайда болады.

Значение бумагопластики в развитии тонкой моторики и творческих способностей детей младшего дошкольного возраста.
Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст