Текст
Ақмола облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан құрылған комиссия ақпан айында Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Ақбота "бөбекжайы" МКҚК мемлекеттік аттестаттау өткізді. Комиссия бағалау критерийлеріне сәйкес зерттеудің негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына талдау жүргізді. Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен салыстыра отырып, комиссия Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайы МКҚК қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалай отырып, егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Нәтижесінде бөбекжай аттестатталды.