Мақсаты:
Міндеттері:
Қажетті заттар:
Ойын барысы:
Шаттық шеңбер: Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
Көк аспанда күн күлсін,
Ұл қолында ту жүрсін.
Қыз қолында гүл жүрсін.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін!
Тәрбиеші: Балалар кәзір ауламызда қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қәзір ауламызда көктем жыл мезгілі
Тәрбиеші: Көктем жыл мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Көктем жыл мезгілінде үш ай бар
Тәрбиеші: Қандай-қандай айлар?
Балалар: Наурыз, сәуір мамыр.
Тәрбиеші: Наурыз айларында қандай мерекелер болады?
Балалар: Наурыз, сәуір мамыр.
Балалар: 8-наурыз, аналар мерекесі және Ұлыстың ұлы күні, 22-Наурыз мерекесі, ескіше Жаңа-жыл.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса наурыз мерекесі де келе жатыр.
Тәрбиеші: Балалар, сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдерме?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Балалар: Тақия тастамақ, көкпар, теңге алу, арқан тарту, білектесу, асық ату.
Тәрбиеші: Балалар, қазақтың ұлттық ойындары өте көп екен. Солардың бірі «Ханталапай». Ханталапай ойыны асықпен ойналады.
Ержас: Апай, менің атамның үйінде асық көп. Атам маған достарыңды ертіп келіп, асық ойнаңдар деген.
Тәрбиеші: Ержастың атасы бізді асық ойнауға шақырған екен. Балалар, сендердің барғыларың келе ме? Ендеше балалар, атаның ауылына қонаққа барайық.
Атаның ауылына мына әдемі қоржындарымызды ала барайық. (Балалар, қоржындарын асынып атаның ауылына жолға шығады).
Балалар атаның ауылына келгенде, қамшы өріп отырған атаны көріп, амандасады. Атаның немересі асық ойнау үшін достарын ертіп келгендігін айтады.
Ата: Амансыңдарма, балаларым. Мен сендерге бір қоржын асық жинап қойдым. Бұл асық қой малының асық жілігінен алынады. Соның ішінде құнан қойдың асығы ірі болады. Сондықтан оны сақа асық деп, асықтардан ерекшелеп қызыл түспен бояп қояды. (асықпен ойнату үшін тәрбиешіге бір қоржын асықты ұсынады).
Тәрбиеші: Рахмет, ата. Балалар қараңдаршы, бізге ата мына қоржын толы асықты жинап қойған екен. Біз қазір «Ханталапай» деп аталатын қазақтың ұлттық ойынын ойнаймыз. Ол үшін бізге көп асық және бір қызыл түске боялған асық керек. Бұл қызыл асықты «хан асығы» деп атаймыз. Балалар, сендер асық атауларын білесіңдер ме?
Балалар асық атауларын бүк, шік, тәйке, алшы –деп атайды.