АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АҚБОТА» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ-САД"  «АКБОТА»  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Әлеуметтік желі

Картинки по запросу инстаграм лого

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Келді міне Жаңа жыл!"

03.01.2022

«Келді міне, Жаңа-жыл!!!»

Мақсаты: Баланың көңіл-күйін көтеру,әнге,биге деген қызығушылықтарын дамыту, бойындағы өнерлерін дамытуға жол ашу.Тіл байлықтарын ұлғайту.

(балалар музыка әуенімен  кіріп,  жарты шеңбер болып тұра қалады))

Жүргізуші: 
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар!  Біз сіздерді к еле жатқан 2022-жаңа жылдарыңызбен  құттықтаймыз!!!

 

Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға,

Құт-береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

1.Айша

Мәз болып, жиналып көп бала,
Бір-бірін құшақтап топтала,
Ойыншық іліп жүр шыршаға,
Неткен көп ойыншық мұншама.
Дайын тұр тақпақ пен әніміз,
Әрдайым құлпырсын сәніміз!

 

2. Шахмухамед

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!

 

3. Алина

Ән саламыз, би билеп,

Жырдан шашу төгілді

Бүгін біздің Жаңа жыл,

Қандай қызық көңілді

 

4. П. Дмитрий

Тамаша ,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

 

 

5. Айназ

Жаңа жыл,Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

 

6. Райымжан

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

 

7. Д.Арлан

Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр

 

8.Аяулым

Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.

Кел, балалалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер!

 «Ән:  «Шырша!»

Жүргізуші: Балалалар неге біздің шырша жанбай тұр?

Шыршамыз жану үшін сиқырлы сөздерімізді айтайық?

 Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат Шамдарыңды жарқырат! 3 рет (Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

 

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы біздің шырша қандай әдемі, шамдары қандай әдемі болып жарқырп тұр, қараңдаршы балалалар, бұл не?

Балалалар: хат

Жүргізуші: Балалалар хатты ашып, ішінде не жазылғанын оқып көрейік:

Жаңа-жылмен құттықтаймын,

Сендерге сандық жолдаймын,

Сандықты сендер ашыңдар,

сыйлықты қабыл алыңдар,

Сыйлықтары жай емес

Сиқырлап сендер көріңдер

Қолға алып үрлеңдер

Ән салыңдар, ойнаңдар,

Аяз-атаны қарсы алыңдар!

Бұл бізге арналған сиқырлы сандық екен, ендеше ішін ашып көрейік:

Ой, Ақшқар, қандай әдемі, бірақ бұл қуыршақ, Аяз-ата бізге ескертті, егерде біз сиқырласақ, біздің қуыршақ шын  Ақшақарға айналады,

қане барлығымыз үрлейік, үрлейік, сиқырлаймыз, сиқырлаймыз,,,

(Ақшақар келеді,,,)

Ақшақар: Сәлеметпе достарым,

Сендерді көргеніме қуаныштымын,

Жаңа-жылдарыңмен құттықтаймын,

Денсаулық, бақыт тілеймін!

Ақшақар: Балалалар қане Жаңа-жылға арналған тақпағымызды, биімізді билейік:

Тақпақтар:

9. Мариям

О,Алақай Аяз-ата,

Келе жатыр алыстан,

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше, Жаңа-жыл.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын, Жаңа-жыл!

10. Арлан

Жаңа жыл,Жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр!

Сыйлығын сүйретіп,

Келді міне,Жаңа жыл!

11. Дильнура

Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Аяз Ата, Ақшақарды
Шақырайын ортаға.

12. Б.Дмитрий

Дед Мороз пришел, ура

Ждем подарков мы с утра.

Ведь не зря среди зимы,

Елку нарядили мы.

13.София

Шырша, шырша
Шамдарыңды жарқырат.
Би билейміз, айнала,
Балаларды таңырқат.

 

14.Төреали

Шанамызға мінеміз,

Мәз-мәйрам боп күлеміз

Жарысамыз бәріміз

Жарасып тұр сәніміз

15. Амина

Тамаша тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда ертегі

Келе ме біздің бақшаға

16.Әбілмансұр

Қыстың күні көңілді

Көп қызықты көреміз

Шығып алып далаға

Сырғанақты тебеміз

Ақшақар: - Балапандарымыздың «Жаңа-жыл!» биін тамашалайық.

Би: «Жаңа-жыл! »

Ойын: «Бұлт»                          (Ақшақар ойнатады)

Ақшақар: Балалар сиқырымызды  әрі қарай жалғастырайық, иә?

тағы да, сиқырлаймыз,,,

Мәссаған  қандай Аққала, қане бәріміз, үрлейік, сиқырлаймыз,,,

1, 2, 3, Аққаламыз шынға айнал,,,                                  (Аққала келеді)

 

Аққала: Мен сендердің аппақ достарыңмын,

Дөңгелек қарға ұқсаймын,

Мұрнымның орнына, тәтті сәбіз,

Мен көңілді Аққаламын.

Ақшақар: Аққала ендеше балалалармен «ұлпа қарлар» ойынын ойнайық,,,

Аққала: 1, 2, 3 – ұстаңдар,,, ұлпа қарларды,,, (ойын балалалармен)

 

Ойын «Ұлпа қарлар»

 

Аққала: Шырша шамдары неге сөніп тұр, қане балалалар барлығымыз, сиқырлап үрлейік, 1, 2, 3,,, шырша шамдары жанбады, қане тағы үрлейік, 1, 2, 3,,, тағы да шырша шамдары жанбай жатыр.

Аққала: Балалар бізге  кім көмектесе алады?

Ақшақар:  Бізге Аяз-ата көмектеседі.

Аққала: Аяз-атаны қайдан табамыз?

Ақшақар: Сиқырлықты сандықты ашсаң, Аяз-ата шығады,,,

Ақала: Бұл кішкентай Аяз-ата ғой, мұрны, қолы, аяғы,,,

Ақшақар: Қане балалалар, барлығымыз үрлеп, сиқырлаймыз,,,

1, 2, 3,,, Аяз-атамыз шынға айнал,,,                  (Аяз-ата келеді)         

Аяз-ата: Құтты болсын, балалар Келген Жаңа жылдарың Алаңдамай өсіңдер Еркелеп қыз, ұлдарым өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем.

Аққала: Аяз-ата біздің шыршамыз жанбай тұр, шырша шамдарын жағып жіберіңізші!

Аяз-ата: Біздің сиқырлы шамдарымыз қайда, қане іздейік,,,

Міне екен ғой, таптық, ал қане балалалар барлығымыз бірге айтайық: Қуант, бізді, таңырқат Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

 

Жүргізуші: Балалалар Аяз-атаға арнап әнімізді орындап берейік,,,

Ән: «Аяз-ата»

Балалалардың тақпақтары,,,

17.Константин

Сапалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапанды,
Сағындым Аяз атаны.

18. Алима

Тамаша ғой, қыс деген,

Қуанады бар бала.

Шырша тойын тойлайды,

Аяз-атамен қосыла.

19. Роман

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

20. Дария

Тақпақ, өлең жаттадық,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.

21. Владимир

Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

 

22. Дания

Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ күпіге оранып.
 Ал балалар, тұрмайық
Би билейік, ойнайық
Аяз ата қуансын
Дөңгеленіп зырлайық.

23. Акжан

Жаңа жылда ойнаймыз, 

Отбасы боп тойлаймыз. 

Аяз ата келгенде, 

Тақпақ айтып қоймаймыз. 

 

24. Асанали

Аяз ата тыңдаңыз

Тақпақ айтып берейік

Ортамызда шыршамыз,

Ойнап бірге,күлейік.

 

25. Эрика

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып

Ал балалар тұрмайық

Тамашаны тойлайық.

 

 

Ойын: « Аяз»              (Аяз-ата ойнатады, музыка әуенімен)

Ойын: «Таяқша»
 

Жүргізуші: Би: «Санта-клаус»

– Аяз ата Ақшақар сіздер біздерді балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?  Біздің балалалар өнерлі, барлық биді билеп береді.

 

Аяз ата: балалалар сендер бәрің де, ақылысыңдар,,,

Қане менің сиқырлы қорабымды алып келіңдер,,,

Қане балалалар барлығымыз бірге, сиқырлы сандығымыз, ашыла ғой,,

(Балалаларға сыйлықтарды үлестіреді)

 

Аяз – Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар!  «Келді міне, Жаңа жыл!» жылға  арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата – аналар, әріптестерім сіздерге да  мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет.

Келе жатқан Жаңа жылымыз құтты болсын!»

Просмотров: 240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст