АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АҚБОТА» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ " ЯСЛИ-САД"  «АКБОТА»  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Әлеуметтік желі

Картинки по запросу инстаграм лого

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Денсаулық - зор байлық"

21.11.2018

«Денсаулық

– зор байлық»

(спорттық ойын - сауық)


Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын,

адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі

көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына,

сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.


Барысы:

Кел достарым ,келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер.

Шақырамын сендерді,

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа

Дөңгеленген шеңберді.

- Құрметті ойыншылар, бүгін «Денсаулық – зор

байлық» атты эстафеталық жарысымызды бастамастан бұрын  Дене қыздыру жаттығуы (Саппен адымдай жүру,

қол тік жоғары көтерілген аяқ ұшымен жүру, қол белде өкшемен жүру, табанның

ішкі жағымен жүру, табанның сыртқа жағымен жүру, ақырын екпінмен жүгіру, сәл

жылдамдық қосу, ақырындау) (саппен келе екі топқа бөлініп тұрады)

Б. Қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде.

Басты оңға - солға 4 реттен

айналдыру.

2. Б. Қ. қол иықта, иықты алға - артқа 4 реттен айналдыру

3. Б. Қ. сол қол белде. оң қол жоғары 1 - 2 сол жаққа иілу

3 - 4 оң жаққа иілу

4. Б. Қ. қолды екі жаққа соза ұстап, алдыға 90°- қа иілу.

5. Б. Қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде 1 - 4 белде оңға айналдыру.

1 - 4 белде солға айналдыру.

6. Негізгі тұрыс:

Қол белде сол аяқпен секіру.

Оң аяқпен секіру

Қос аяқпен секіру

10 - 12 минут

6 - рет

6 - рет

8 - 10 рет

4 рет

4 рет

4 рет

Қолды бүкпей денені тік ұстау. Кеудені тік ұстау.

Ара қашықтық сақтау.

Қолды айналдыру.

Тізені бүкпей, қолды аяқ ұшына жеткізу.

Қолды параллель ұстау, барынша керу.

Тізені бүкпеу, айналым кең.

2 Негізгі бөлім

Жарыстың шарттары:

Құрметті

балалар эстафеталық сайысымызда сендерге сәттілік тілеймін

1. «Кім шапшаң» (Аяқ ұшымен жүре келе, кедергі доғаның астымен өту, алдағы жолақшалардан

қос аяқпен секіріп өту.)

2. «Пингвин» (Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер

жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.)

3.

«Кедергілер» сайысы (кедергілер арасымен

бір аяққа тұрып секіріп өту)

4. «Жыланша» (Бір қатарда тұрып допты аяқ астымен бір – біріне беру).

Бізде балалар достық

жеңді!(марапат табыстау.)

«Құрсаудағы шарлар»

Бөлменің бір шетіне

шарлары бар 2 себеттер қойылады. Ал екінші шетіне бос себет қойылады.Балалар

шарларды бос себетке тасулары қажет . Тек тасу барысында педагог тапсырмасын

орындай тасыйды.(Мысалы: Допты бастан асыра көтеріп апару, аяққа қысып апару

... т.б.)

Просмотров: 881


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст