Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Елін,жерін,құреттеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахна патриоттық үлгіде безендірілген. Тақырып, түрлі түсқағаздар, жалаушалар, шарлар ілінген.
Әнұран.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, тәрбиешілер және бөбекжай бүлдіршіндері! «Жұлдыз» тобының «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды. Еліміз 30 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер! Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
Ерназар:
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Жүргізуші:
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан Республикасы.
Елбасымыз кім?
-Қазым Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Балалар бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шарамыз қандай мерекеге арналып жатыр?
-Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған.
Дұрыс айтасыңдар, бұл күнді біздер әрдайым ерекше қуанышпен тойлаймыз.
Ән: «Тәуелсіздік Ұраны!» . Балалардың орындауында.
Дінмұхамед
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Нұрислам
Аман болсын ел, жұртым,
Аспаным ашық, күн күліп.
Отыз жылдық азаттық,
Шаттықты әуен үн қылып.
Нұрдос
Біз бақытты баламыз,
Тәуелсіз елдің ұланы.
Мәңгі жасап ,гүлденеміз,
Ұлы елдің қыраны.
Балалар ендеге кезекте бойымызды сергітіп бір ойын ойнап алайық.
Ойын: «Тақия тастамақ»
Амира
Қазақ елім, Отаным!
Өзіңсің менің мақтаным.
Отыз жылдығың құтты боп,
Ата берсін ақ таңың.
Бейбітшілік күн жаса,
Мерейімді асырып.
Тәуелсіз күнім жүз жаса,
Келеңсіз күнді жасырып.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше күн. Бірліктің , татулық пен ынтымақтастықтың күні, Мемлекетіміздің Тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты:
Тобымыздың қыздарының биін тамашалайық.
Би: «Домбыра»
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары , егемендігіміз баянды болсын деп тілеп бүлдіршіндеріміздің өлең жолдарың тамашалаңыздар.
Адема
Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Ойын: Ою өрнек.
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!