" />
24.12.2025
«Жаңа жылдық ертегі»
Мақсаты:Қыс мезгілі туралы білімдерін толықтыру.Өлең,ән айту арқылы сөздік қорларын молайту,әнге,биге деген қызығушылықтарын ояту.Жаңа жылдық көңіл күй орнату.
Әсем безендірілген залға балалар қолдарындағы шырша шарларымен кіреді
Жаңа жылдық би: «Джинглбенс»
Балалардың өлең жолдары:
1Раяна
Бүгін бізде жаңа жыл
Қош келіпсіз шыршаға
Жаңа жылда көңілді
Шырқалады әніміз
Ата-аналар сіздерді
құттықтаймыз бәріміз
2Аяулым
Кел балақай шырша дайын
Қол ұстасып ән салайық
Жаңа жылдың жарқын айын
Әнмен бимен қарсы алайық
3Әбубәкір
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Енжарлықты тастайық
Шырша тойын бастайық
Кел балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер
3Әдемі Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
4Әділет
Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
5Азалия
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындық аяз атаны 6Айша
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап.
7Данеш
Даланың да қаланың
Думандатып отбасын
Тағы, міне Жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын
8Дархан
Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан.
Балаларға базарлық,
Алып келді алыстан
9 Милана
О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
10Медина Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
11Ахмедияр
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Ән: «Келді міне жаңа жыл»
Жүргізуші:Жаңа жылда таңғажайып оқиғалар болады.Олай болса сіздерді «Күлшеқыз» ертегісін тамашалауға шақырамын.
Ортаға патша шығады: Патшалықта би- думан,
Жиналады бар халық
Дайындықтар қалай екен?
Уайымдайды шаhарлық,
Кеңесшілерім не дейді,
Ақыл қоссын тыңдайын
Салтанатты бұл кеште
Бәрі сәнімен жарқырасын! Патша кеңесшілерімен кеңесуге шығып кетеді
Жаршы: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Естімедік деп айтпаңыздар
Патша сарайында бал болады
Барлыңыңыз келіңіздер!
Музыка әуенімен залда Күлшеқыз әндетіп үй сыпырып жүреді.
Екі қызымен анасы залға кіреді. Күлше қыз,әй Күлшеқыз.
Қайда кеткен бұл қыз?
Мен мұндамын анашым- деп Күлшеқыз жүгіріп келеді.
Ертең патшалықта бал болады. 1- қыз Менің туфлиім дайын ба?
2- қыз: Менің көйлегім дайын ба?
-Иә дайын барлығы.
Олай болса біз еетейік.
-Мен дебалға барайыншы
-Бал-ға? Жарайды ,бірақ үй жина, қар тазала, кір жу,тамақ пісір содан соң болады.
Асық мүмкін үлгеріп қаларсың...
Күлшеқыз көңіл күйі түсіп, жылап отырады.
Осы кезде мейірімді сыйқыршы келеді
-Сен неге жылап отырсың?
- Барлығы балға барады ,ал менің киетін әдемі көйлегім жоқ.
Мұңайма, мен саған көмектесемін
Менің сыйқырлы таяғым көйлегіңді әп сәтте әдемі көйлекке айналдырады.
Жарқырат жайнат,Күлшеқыздың көйлегін жарқырат!
Жарқырат жайнат,Күлшеқыздың көйлегін жарқырат!
Музыка әуенімен Күлшеқыздың көйлегі әдемі көйлекке айналады.
Би: «Вальс»
Ортада Күлшеқыз бен ханзада
Ханзада: сенің атың кім? Сүйкімді бейтаныс қыз
Менің атым ...... Осы кезде Сағаттың тілі 12.00 соғады.
Күлшеқыз жүгіре жөнеледі.
-Тоқта, сен кімсің,атың кім? –деп ханзада соңынан жүгіреді.
Бірақ ханзада жете алмайды.
Жалғыз ғана туфлиі қалып қойған екен.
Ханзада туфлиді алып залға кіреді.
Патша :Мұңайма біз ол қызды тауып аламыз
Патша жарлығы:
Кімге осы туфли шақ келсе ,ханзада сол қызға үйленеді.
Қыздар екі жақта тізіліп тұрады.
Ханзада барлық қыздарға кигізіп шығады,бірақ ешкімге шақ келмейді.
-Тағы кім бар киіп көрмеген?
-Күлшеқыз бар
Ортаға Күлшеқыз шығады: міне осы мен іздеген деп ханзада қуанып кетеді.
Аяғына туфлиді кигізіп көреді туфли шап-шақ болады.
Ортада ханзада мен күлшеқыз және патша тұрады.
Жаршы: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар
Патшалықта той болады
Барлығыңыз келіңіздер!
Жүргізуші:Балалар біздің шыршамыз көңілсіз болып тұр.Шырша щамдарын жағатын уақыт болды.Ол үшін кімді шақырамыз
-Аяз ата Ақшақар деп балалалар хормен шақырады
Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Армысыңдар,ұлдарым!
Армысыңдар қыздарым!
Қанлай жарқын жүздерің
Бізді күтіп алаңдап
Шаршадыңдар ма балаларым
Ақшақар :балалар біз аяз ата екеуіміз алыс алыс таулардан,асу асу белдерден өтіп ,сендердің көңілдеріңдікөтеруге келдік.
Ал, балалар өнерлеріңді тамашалайық,сендердің өлең,тақпақ,билеріңді сағынып қалдық.
Ән; «Шырша шамы жана түс» хоровод
Балалардың өлең шумақтары
12Айсара
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
13Рашид
Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О, алақай, аяз атай
Келе жатыр алыстан
14Айла
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата - әже, ата - әже
Құтты болсын жаңа жыл
15Муслим
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
16Султана
Аяз – ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
17Томирис Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
18 Айзере
Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
19 Али
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
20Амира
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
21Мирослава
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
22Адель Кулибекова
Кел, балалар, тақпақты
Тақылдатып айтайық
Аяз ата таң қалсын
Сыйлық алып қайтайық
23Адель Таймыс
Аппақ аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Ойын:
Би: «Ақ ұлпа қарлар биі»
Ән: Құтты болсын жаңа жыл».
Аяз ата: Ал,балалар бізді алыс сапар күтіп тұр. Сендердің өнерлеріңе Ақшақар екеуіміз сондай ризамыз.Біз сендерге бос қол келген жоқпыз,Сендерге ала келген сыйлығымыз бар.
Аман сау болыңдар,балаларлар! Жаңа жыл құт береке ,жақсылық әкелсін!