Қоғамға білім беру – мемлекеттің маңызды міндеті. Гуманизм мен мейірімділік балалық шақтан қалыптасатын аса маңызды адами құндылықтар. Қоршаған әлемге қамқорлық танытуға тәрбиелеу - балалардың бойында қайырымдылық пен мейірімділік сияқты әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастырады. Балалар да, ересектер де өсімдіктер әлемі жердегі барлық тіршіліктің, экожүйенің қызметі мен азық-түлік қауіпсіздігінің негіздерінің бірі болып табылатынын және жердегі тіршілікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратындығын білуі керек. Топырақ пен жердің ластануына ғана емес, сонымен қатар, ауа мен судың ластануы сияқты экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарына назар аудару қажет. Қоқыстар мен қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Экологиялық әдеттерді жас ұрпақтың бойына бала кезден сіңіру өте маңызды. Олар эко-ізді азайту үшін экологиялық және қалдықсыз өмір салтына ұмтылуы қажет.
«Менің жасыл планетам» бала суреттер байқауы жас ұрпақты экологияның маңызды мәселелерін шешуге және табиғатты құрметтеуге, сонымен қатар, экология мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты маңызды мәселелерді шешу кезінде ересектерді балалардың пікіріне құлақ асуға шақыру мақсатында өткізілді.
Байқау ҚР Президентінің қамқорлығы аясында, ҚР Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің бастамасымен, БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының қолдауымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өту аясында, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Балалар Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қорының қатысуымен ұйымдастырылады.