АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСЫ
Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, сіздерді бүгінгі тәтті шәйімізде көргенімізге қуаныштымыз!
Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Самалмын . Ал, мен ақкөңіл Ажармын....
Олай болса... сіздерді бөбекжайымызда жоспарланған жылдық жоспарлармен таныстырып өтсек.
2. «Эмоция картасы» ой бөлісу.
Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың көңіл күйін қалай елестетесіз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың алдарыңызда қағаз, маркерлер бар. Маркерлерді пайдалана отырып балаңыздың көңіл-күйін елестете отырып суретін салу және де салған суреттеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.
3. Байлаулы бала (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
4. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»
Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі.
Ойын тапсырмалары;
1. «Парасатты» кірпіші
Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.
2. «Достық» кірпіші
«Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы
3. «Махаббат» кірпіші
Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз
4. «Тапқырлық» кірпіші
«Тәрбие» сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
5«Түсінушілік»
Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.
Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.
Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.
Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
Жүректен жүрекке:Құрметті ата-аналар! Енді осы тренинг бойынша сындарыңызды, ұсыныстарыңызды, жылы лебіздеріңізді немесе тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашқа жапсырып, көркейтейік.