Қуанышты және қызықты әлем қалай басталады балалық шақ? Ананың бесік жырынан, әкенің мықты қолынан, әжесінің иісінен .. Әрине, ертегілерден. Ертегілердің көмегімен біз әлемді танимыз, жақсылық пен жамандықты, шындық пен өтірікті ажырата білеміз ..Қай елдің ертегілерін алсақ та, әрқашанда өз халқының өмірінде маңызды роль атқарады. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым - қатынасы, мінез - құлқы бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштікке тәрбие беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор.